Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т.Оспанқұлов 26.06.2025
2025 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т.Оспанқұлов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында департаменттің қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында комитет төрағасы министрліктің алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарларымен бөлісіп, әлеуметтік қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңашылдықтарға тоқталды. Сонымен қатар, өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Департамент қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен шешімін қажет ететін жайттар туралы пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.Т.Оспанқұлов өңір мамандарының жұмысына оң баға беріп, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруда департаменттің рөлі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол саладағы цифрландыру, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.Аталған кездесу – орталық пен өңір арасындағы тиімді диалог орнатуға, сондай-ақ әлеуметтік саясатты іске асыруда тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1024422?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселері 26.06.2025
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Асаиновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өтті.Іс-шара барысында департаменттің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы туралы түсініктеме беріліп, саладағы ішкі тәуекелдер мен оларды азайту жолдары талқыланды.Сонымен қатар, қызметкерлер арасында адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды күшейту туралы ұсыныстар айтылды.Жиын соңында департамент басшысы жемқорлыққа қарсы күрес әрбір мемлекеттік қызметкердің ортақ міндеті екенін атап өтіп, ұжым мүшелерін заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және кәсіби этиканы ұстануға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1024424?lang=kk
Женевада Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы реформалары жоғары бағаланды 25.06.2025
Женева, 2025 жылғы 25 маусым – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-ші сессиясы барысында ҚР Әділет вице-министрі Б.Жақселекова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт (АСҚХП) шеңберінде еліміздің міндеттемелерін орындауы туралы үшінші мерзімді баяндаманы ұсынды.Қазақстандық делегацияның басшысы өз сөзінде БҰҰ Комитет мүшелерін Әділетті Қазақстан құруға және адам құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған еліміздегі ауқымды саяси реформалар туралы хабарлады. Соңғы жылдардағы заңнамадағы және құқық қолдану тәжірибесіндегі кешенді өзгерістер, оның ішінде саяси партияларды тіркеу тәртібін жеңілдету, әйелдерге, жастарға және мүгедек жандарға сайланбалы органдарда 30% квотаны енгізу, Омбудсменнің өкілеттігін кеңейту және тәуелсіздігін нығайту, бейбіт жиналыстар туралы заңнаманы қабылдау, петициялар институтын іске қосу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті және азаптаулар мен адам саудасына қарсы күрес шараларын күшейту мәселелері атап өтілді.Интерактивті диалог барысында Комитет мүшелері Пакт ережелерінің сот жүйесінде іс жүзінде қолдану, Омбудсмен мәртебесін арттыру перспективалары, ұлттық алдын алу тетігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге байланысты көптеген мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, мүгедектік пен этникалық белгісі бойынша кемсітушілікке қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқарудың басшылық құрылымдарында әйелдердің қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.Қазақстандық делегация мүшелері қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы тығыз өзара іс-қимылы туралы хабардар етті.Халықаралық сарапшылар конструктивті диалогты жоғары бағалап, Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуы, Омбудсмен институты мен ұлттық алдын алу тетігін нығайтуы, гендерлік теңдікті ілгерілетуі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігін арттыру бойынша қабылдаған шараларын қолдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1024407?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестірді 25.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Қазақстандағы Үндістан Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Әңгіме барысында Үндістан инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалогты атап өтіп, өзара мүдделі нақты жобаларды бірлесе іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Сонымен қатар, кездесу барысында Үндістан Елшісі Астана мен Нью-Делиде елшілік ғимараттарын салу үшін жер телімдерін паритеттік негізде бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Тараптар бұл мәселені өздерінің сыртқы саяси ведомстволары және мүдделі мемлекеттік органдар арқылы пысықтауға уағдаласты.Кездесу соңында Қазақстан Елшісі үндістандық әріптесін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолындағы қызметіне сәттілік тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1024402?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 25.06.2025
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ бұйрығымен бекітілген "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен" 2025 жылғы мамырдан маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:- оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;-оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1024404?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Ұлыбритания Елшісімен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личті оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Министрдің орынбасары К.Личке Астанада өткен төрт жылдық қызметі барысында екіжақты ынтымақтастықтың дамыуына қосқан елеулі үлесі мен табысты өзара іс-қимылы үшін алғыс білдіріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат пен «Барыс» төсбелгісін табыстады.Осы кезең аралығындағы маңызды жетістіктер ретінде белсенді саяси диалогты қолдау, қазақ-британ Стратегиялық диалогы мен Үкіметаралық комиссияның отырыстарын өткізу, сондай-ақ экономикалық және білім беру байланыстарын кеңейту, оның ішінде Қазақстанда британдық жоғары оқу орындары мен мектептердің филиалдарын ашу аталып өтті.Шарттық-құқықтық базаны нығайту тұрғысында 2024 жылы екі ел арасында Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы маңызды қадам ретінде көрсетілді.Өз кезегінде Ұлыбритания Елшісі қазақ тарапына жан-жақты қолдауы мен қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың табысты дами беретініне сенім білдірді.Кездесу соңында Р.Василенко әріптесіне алдағы кәсіби қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024399?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 25.06.2025
2026 жылдың 24 маусымында Катонқарағай ауданы әкімшілігінде әкім аппаратының, ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдерінің қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелерінің қоғамдық талқылауы өткізілді. Талдау жүргізу барысында 2-сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Олар ақпараттық қауіпсіздік саласы және мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша тәуекелдер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1248269?lang=ru
Кедендік операциялар: негізгі ережелер 25.06.2025
Қазақстан Республикасындағы барлық кедендік операциялар ҚР Кеден кодексіне және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кедендік операция дегеніміз не?Бұл – тауарларды еркін айналымға шығару, экспорттау немесе өзге де кедендік рәсімдерге орналастыру үшін қажет рәсімдер мен әрекеттер жиынтығы. Қайда және қашан жүзеге асырылады?Кеден органдары орналасқан жердеОлардың жұмыс уақыты ішіндеНегізделген өтініш бойынша – жұмыс уақыты мен орнынан тыс та жүзеге асырылуы мүмкін (уәкілетті органның шешімімен). Қажетті құжаттар мен мәліметтерТек Кеден кодексінде көзделген және бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет құжаттар мен деректер ғана талап етіледі.Егер деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болса – оларды қайта тапсыру талап етілмейді. Бірінші кезекте рәсімделетіндер:гуманитарлық және техникалық көмектез бүлінетін өнімдерэкспресс-жүктерхалықаралық көлікке арналған қосалқы бөлшектералтын, валюта және т.б. Кім декларант бола алады?ҚР және ЕАЭО резиденттеріҚР аумағында өкілдігі бар шетелдік компанияларТасымалдаушылар, экспедиторлар, консулдықтар, БАҚ және т.б. Декларанттың жауапкершілігіДекларант шынайы мәлімет ұсынуға және барлық баждарды төлеуге міндетті.Егер бақылау шаралары басталғанға дейін қателер ерікті түрде түзетілсе – айыппұл салынбайды. Білу маңызды:Кеден органдары құжатта орфографиялық қателер болғаны үшін оны қабылдаудан бас тартуға құқылы емес, егер бұл қателер құжаттың мазмұнына әсер етпесе. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1024257?lang=kk
Агроөнеркәсіп және өнеркәсіп салаларында ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда 25.06.2025
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринның төрағалығымен кеңес өтті. Күн тәртібінде агроөнеркәсіптік кешен мен өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар талқыланды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Биыл аймақтың ауыл шаруашылығы саласына 86 млрд. 400 млн. теңге инвестиция тарту межесі бекітілген. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіруде негізгі капиталға салынған инвестиция 4 млрд. 731 млн. теңге болып, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26 пайызға артты. Инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету үшін аймақтың агроөнеркәсіп кешенінде 2025-2027 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бекітілді. Жол картасында 30 инвестициялық жоба қамтылған. Бұл жобалар жүзеге асқанда 295 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биыл 13 млрд. 400 млн. теңгенің 14 инвестициялық жобасы жоспарлануда. Өнеркәсіп саласында биылғы 5 айда 426 млрд. 950 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 0,4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 155 млрд. 300 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 18,2 пайызға артты. Экономиканы әртараптандыруда 2025-2028 жылдары қолға алынатын 89 инвестициялық жобаның 27-сі биыл іске асырылуда.Ірі жобалардың бірі – қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы. Өңірдің кірпіш өнімдеріне қажеттілігінің 90 пайызын қамтамасыз ететін, құны 5 млрд. теңге болатын заманауи кірпіш зауыты іске қосылды. Азық-түлік өнеркәсібінде нан-тоқаш, кондитерлік, макарон өнімдерін өндіру кешені, түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіру зауыты мен әрқайсысы 2 мың шаршы метр екі шағын өнеркәсіптік аймақ биыл жұмысын бастайды.Түйе сүтінен алынатын құрғақ ұнтақ өнімдер қытайлық компаниямен жасалған оффтейк келісімі аясында толығымен Қытайға экспортталатын болады.Биыл жалпы құны 24,2 млрд теңге, қуаттылығы 90 мегаватт үш күн-электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, жыл ішінде жалпы сомасы 553,6 млрд теңгеге бағаланған 14 ірі жобаның құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1024265?lang=kk
БРУЦЕЛЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ 25.06.2025
Бруцеллез-адамғаауружануардан берілетін жұқпалыауру.Оладамағзасыныңбарлық мүшелерінің ауырағымыменжәнезақымдалуыменсипатталады.Аурудыңқоздырғыштары-бруцелламикробтары,адамдардаешкі,қой,сиыр,шошқажәнеиттердіңбруцеллаларыаурудытудырады,сондықтанағымдағыжылдыңмамыр айында Федоровауданындабруцеллезауруыныңбіржағдайытіркелді.Бруцеллез қоздырғыштары сүтпен, зәрмен және амниотикалық сұйықтықпен шығарылады. Сіз бұл қауіпті ауруды зардап шеккен жануармен байланыста болған кезде немесе қайнатылмаған сүт пен одан жасалған өнімдерді - сүзбе, қаймақ және ірімшікті жеу арқылы жұқтыра аласыз. Адамнан адамға бруцеллез берілмейді, сондықтан оқшаулау қажет емес. Бруцеллез  жедел, субакуталық және созылмалы болуы мүмкін. Кейбір жұқтырған адамдар емделусіз де қалпына келеді, қалғандарында ауру созылмалы түрге ауысып, жүректі, бауырды, бүйректі және басқа мүшелерді біртіндеп бұзады.  Науқастарда тұрақсыз иммунитет қалыптасады, ол 8 айдан 10 айға дейін сақталады. Антиденелердіңболуықайтаинфекцияғажәне бактериалды тасымалдаушылардың пайда болуына кедергікелтірмейді,бірақаурудыңжеңілағымынаықпал етеді.Егерадамныңтемпературасыкөтерілсе, әл-ауқаты нашарласа,сүйектерменбуындарауырса,мүмкіндігіншетезіректерапевтпенкеңесу керек немеседәрігергеүйге қоңырау шалу керек.Егерауылшаруашылықжануарларыменбайланыстаболғаннанкейіннемесепастерленбегенсүттіішкеннен кейін әдеттен тысбелгілерпайда болса, маманнанкеңесалукерек.Әдетте,пациенттералдыментерапевткежүгінеді, егер оларбруцеллезгекүдіктенсе, олардыәріқараймамандандырылғанмаманға—жұқпалы аурулар дәрігерінежібереді.Ертедиагноз қойылған бруцеллезантибиотиктерменжақсыемделеді-болжамқолайлы.Ауру дамыған сайын дәрі-дәрмектердіқабылдауұзақтығыныңартуымүмкін,біраққалпына келтіру мүмкіндігіәлі де үлкен.Емдеу болмаса, ауру ішкі органдардың, буындардың, сүйектердің және орталық жүйке жүйесінің жаппай бұзылуына әкелуі мүмкін — буындардың деформациясы, контрактуралар дамиды, адамның қозғалуы және заттарды алуы қиынға соғады, тері жұқарады, есте сақтау қабілеті төмендейді, терең мінез-құлық пен жеке тұлға қалыптасады Бруцеллездің алдын алу үшін жеке гигиена ережелері: - жануарлармен сөйлескенге дейін және кейін қолды жуу; - жануарлармен байланыста болғаннан кейін бірден киімді ауыстырыңыз және жуыңыз; - қолғап, Маска, көзілдірік және арнайы киім киген жануарлармен және өңделмеген мал өнімдерімен байланыста болу. Сонымен қатар, тек пастерленген және термиялық өңделген тағамдарды жеу керек: сүт, ет, жұмыртқа. 60 °C  дейін қызған кезде бруцеллалар 30 минуттан кейін ғана өледі, қайнаған кезде — дереу.      Бруцеллез әлемдегі ең көп тараған зоонозды инфекция болып қала береді.    Жануарларды вакцинациялау арқылы инфекцияның таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдануда, өйткені халықтың жоғары жиілігі мал арасында инфекцияның таралуымен байланысты.  Бруцеллездің нақты профилактикасын жетілдіру бруцеллездің адамдар мен ауылшаруашылық жануарларына ортақ инфекция екенін ескере отырып, денсаулық сақтау үшін де, ветеринария үшін де маңызды міндеттердің бірі болып табылады.  Бруцеллез инфекциясы мал шаруашылығы шикізатын алумен және өңдеумен кәсіби айналысатын, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтарда малы бар азаматтардың денсаулығына елеулі зиян келтіреді, ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезбен ауыруы мал шаруашылығы шаруашылықтарында айтарлықтай экономикалық шығындарға әкеледі.                                           «Федоров аудандық санитарлық-                                         эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1024267?lang=kk
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы 25.06.2025
2025 жылдың 25 маусымында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Қостанай облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысына қатысты.Кездесу барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылды.Нәтижесінде мемлекеттік қызмет заңнамасын, әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмысты күшейту және әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1024271?lang=kk
Қазақстан Елшісі Дүниежүзілік ислам лигасы басшылығымен кездесті 25.06.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Әбделуахаб әл-Шехримен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік ислам лигасының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шеңберіндегі ынтымақтастығын тереңдету мүмкіндіктері талқылап, халықаралық деңгейде дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету мәселелері бойынша пікір алмасты.Бұл ретте Елші ДИЛ өкілдерін алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі Хатшылығының кезекті XXIII отырысына және II Жас діни лидерлер форумына қатысуға шақырды.  Өз кезегінде Әбделуахаб әл-Шехри ДИЛ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына толық қолдау білдіретінін айтты. Ол Съезд Хатшылығымен ынтымақтастықты дамытуға және әлемде бейбітшілік пен үйлесімді, діндер арасында өзара құрметті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге әрдайым дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1024279?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері Ар-Риядта талқыланды 25.06.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Инвестициялар министрінің орынбасары Фарис Әл-Қарнимен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылады.Елші М.Меңілбеков шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев айтқан экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі еліміздің саясатының жаңа басымдықтары мен бағыттарымен таныстырды. Ол сондай-ақ елдегі шетелдік инвесторлардың транспаренттік қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті, визалық тәртіпті жеңілдетуге, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және т. б. бағытында қабылданып жатқан заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы баяндап берді.Қазақстандық дипломат Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыруға, сауда-инвестициялық мәселелер мен өзара қызығушылық тудыратын жобаларды тақырыптық талқылау үшін олардың арасында тікелей байланыс орнату үшін екі ел кәсіпкерлерінің сапарларымен алмасуды жолға қоюға шақырды.САК Инвестициялар министрінің орынбасары Ф. Әл-Қарни өз кезегінде екі елдің бизнес-топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қазақстандық тараптың кез келген ұсыныстарын қолдауға дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде бизнес-семинарлар мен B2B, B2G кездесулері сияқты өзара сапарлар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы бірлескен күш-жігер жұмсауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1024285?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу тәжік «Ориёнбонк» ААҚ басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында Министр Қазақстанның Тәжікстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.Тараптар қаржы институттарының өзара сауданы ұлғайту, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөліне назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы екі ел астаналары арасында тікелей әуе қатынасының басталуы іскерлік байланыстардың кеңеюіне оң ықпал еткені айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша мүдделі салаларда өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024228?lang=kk
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті 25.06.2025
25 Маусымда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Отырыста конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдерін қарады, олардың саны 5 отбасы. Биылғы жылы Әйет ауылдық округінен (Байжұман отбасы, Шойбасовтар отбасы, Нокишевтер отбасы), Тобыл кентінен (Ишанқұловтар отбасы, Бірмағанбетовтер отбасы) отбасылар қатысты. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша комиссия конкурстың облыстық кезеңіне қатысатын 2 отбасын анықтады. Олар көп балалы отбасылар болды: Ишанқұловтар отбасы және Бирмағанбетовтар отбасы, олар көптеген еңбегі, жетістіктері бар, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда үлгі болып табылады. Шілде айында байқаудың аудандық кезеңіне қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1024336?lang=kk
500 жуық балаларға музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді 25.06.2025
Бүгін Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне Талдықорған қаласының әр мектебінен, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы келген 500 оқушыға музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды. «Жетісу табиғаты», «Археология», «Этнография», «Кеңес дәуірі» және «Ерлік пен Даңқ» залдарын аралап, өткен күннің куәсі саналатын жәдігерлер таныстырылып, туған өлкенің тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, әр дәуірдің маңызды оқиғалары туралы баяндалды. Бұл бастама жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1024382?lang=kk
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «Цифрлық көмекші» чат-ботын іске қосты. 25.06.2025
Чат-боттың негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету.Чат-бот ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен «Әділет» порталында іске қосылды.«Цифрлық көмекші» азаматтарға кез келген құқықтық мәселе бойынша жедел әрі қолжетімді заңгерлік кеңес береді.Құқықтық көмекке жүгінген барлық азаматтарға «Цифрлық көмекші» арқылы тиісті кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1024001?lang=kk
Пресс релиз 25.06.2025
2025 жылғы 25 қарашада «Ашық бюджеттер» интернет-порталында «Қостанай облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 185 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының шешімінің жобасы орналастырылды.https://budget.egov.kz/material/material?id=3973721&govAgencyId=3671Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1111808?lang=kk
Алматы облысында 1,3 трлн теңгеге 35 ірі жоба жүзеге аспақ – өнеркәсіп пен логистика жаңа кезеңге өтті 25.06.2025
2025 жылы Алматы облысында өнеркәсіп, логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларында жалпы сомасы 1,3 трлн теңгені құрайтын 35 ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.Аталған жобалардың қатарында Pepsico зауытының құрылысы, LC Waikiki көтерме-бөлу орталығы, Qazaq Global Food қайта өңдеу зауыты, сондай-ақ Kusto Logistics, MP Solution, Oasis Logistics, Еуразиялық логистикалық парк сынды индустриялық және логистикалық хабтардың дамуы бар. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық іргетасын нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.2024 жылы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 трлн теңгені құрап, 23 жаңа өндірістік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі – KT&G темекі фабрикасы да бар. Сонымен қатар, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту мен кеңейту нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас аумақта орналасуының арқасында Алматы облысы өңірлік транзит пен логистиканың маңызды орталығына айналуда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 1786 гектарды құрайтын 4 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, тағы 2 аймақтың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, «Alatau» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға жеңілдіктер ұсынылуда.Жалпы, облыста жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Қытай капиталының қатысуымен іске асырылатын 1,9 трлн теңгелік 34 жоба бар. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су шаруашылығы салаларын қамтиды.Соңғы екі жылда облыс әкімі басшылығымен Қытайдың 14 өңіріне 5 жұмыс сапары ұйымдастырылып, 70-тен астам кәсіпкер, 100-ден астам екіжақты кездесу, 30-дан астам меморандумға қол қойылды.Инвестициялық жобалардың белсенді жүзеге асырылуы, инфрақұрылымның дамуы және бизнеске жасалып жатқан қолдау шаралары Алматы облысын елдегі жетекші индустриялық және логистикалық орталықтардың біріне айналдырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024053?lang=kk
Бақылау- касса машиналарын қолданудан кім босатылады? 25.06.2025
🔷Ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып міндетті есепке алынуға жатады. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс.🔷Бақылау- касса машиналарын қолданудан кім босатылады?1. Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.2. Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі. 3. Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар. 5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі. 6. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар. 7. Діни бірлестіктер. 8. Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда. 9. Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар.🔷Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайлар.🔷Кәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1024064?lang=kk