Enbekshi QazaQ

Ғылым

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 27.11.2024
Биыл автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары 58,4 шақырымдық 18 нысанда жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22,8 шақырым ( 6 нысан) автомобиль жолы пайдалануға беріледі. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша: 378 көшенің 251,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді 287 көшеде 190,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріледі. Жыл қорытындысымен қала аумағында 453 көшеде, жалпы ұзындығы 286,9 шақырым жолда құрылыс, орташа жөндеу және тегістеу жұмыстары аяқталады. Жолдарды жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891030
ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «КҮМІС ЖАС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ 27.11.2024
Шымкентте «Күміс жас» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан азаматтар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл жоба зейнеткерлік жасқа жақындаған, бірақ әлі де белсенді еңбек ете алатын адамдарды қолдауға бағытталған.«Күміс жас» бағдарламасы елімізде зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтарды еңбек нарығында қолдау арқылы олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану үшін іске қосылған. Жоба аясында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа тартады, олардың айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланады.Қалада жыл басынан бері 791 азамат осы бағдарлама арқылы жұмыс орындарына орналасты. Олар білім беру, медицина, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да салаларда еңбек етуде.Бағдарламаға қатысушылардың бірі 59 жастағы Айман Тельғозиева ұзақ жылдар бойы Алматы қаласында түрлі өндіріс орындарында бухгалтер қызметін атқарып, Шымкентке қоныс аударғаннан кейін «Самғау биік» мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық бірлестігіне тазалыққа жауапты қызметкер болып «Қоғамдық жұмыс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Мұнан кейін «Күміс жас» бағдарламасы арқылы жолдама алған ол:“Мемлекеттік бағдарлама жаңа мүмкіндікке жол ашты. Тәжірибем мен білімімді қоғамға пайдалы істерге арнап, өзіме де, өзгелерге де көмектесе алатыныма қуаныштымын,” – дейді.Шымкент - «Күміс жас» бағдарламасын табысты іске асырып отырған өңірлердің бірі. Бағдарлама тәжірибесі мол азаматтардың қоғамда белсенділігін арттырып, еңбек нарығын білікті мамандармен толықтыруда.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891034
«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА! 27.11.2024
Аталған бағдарламаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауаптар тізбегін ұсынамыз:Депозиттік шоттың болуы міндетті ме?Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы міндетті.Жалдау шарты қалай және қандай мерзімге түзіледі?Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай жыл сайынғы жинақтау шегіне жеткен жағдайда (170 АЕК), жыл сайын 3 (үш) жылға дейін ұзарту шартымен 1 (бір) жыл мерзімге шарт жасалады.Тұрақты тіркеуі 3 жылға толмаған жағдайда өтініш беру мүмкіндігі қалай?Өтініш берушінің соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркелуі міндетті. Отбасы мүшелері қалада тіркеуде болса жеткілікті.Құжаттарды қарау тәртібі қандай?Құжат қабылдау аяқталған соң, құжаттардың толық, сапалы және барлық талаптарға сай тапсырылғаны тексерілетін болады. Құжаттар толық болмаған жағдайда өтініш берушіге хабарлама жолданады. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады.Құжаттар толықтырылмаған немесе талаптарға сай болмаған жағдайда кері қайтарылады. Конкурсқа өткен құжаттар баллдық жүйе негізінде тұрғын үймен қамтылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891041
10 айдың даму қорытындылары 27.11.2024
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, оның барысында 2024 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.Осы кезеңде экономикалық өсім 16,5 пайызды құрап, негізгі салаларда да өсім байқалды. Құрылыс жұмыстары 27,3%, тұрғын үй құрылысы – 22,9%, ауыл шаруашылығы — 30,2%, өнеркәсіптік өндіріс – 0,1%, инвестициялар көлемі – 9,4%- ға өсті.Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне әлеуметтік — экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/890936
Бүгін СҚО-да еркін күрестен әлем чемпионы, жерлесіміз Нұрқожа Қайпановқа құрмет көрсетілді. 27.11.2024
🥇Спорттық жетістіктері үшін әлем чемпионына СҚО әкімінің құрмет грамотасы мен автокөліктің кілті табыс етілді. Жеке бапкері Сағындық Бейсембаевқа ақшалай сыйақы берілсе, Нұрқожаның ата-анасы Аралбек Қайпанұлы мен Перизат Қанатбайқызы СҚО әкімінің алғысына ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/890941
SUPER 10: Қарағандыда заманауи суретшілер көрмесі ашылады 27.11.2024
"Алтын ғасыр" галереясы 29 қарашада сағат 16:00-де заманауи өнер көрмесіне шақырады. "SUPER 10" жобасы Қарағандылық жеті суретшіні біріктірді.2014 жылы дарынды қарағандылықтар тобы Суретшілер одағына қабылданды. 10 жылдан кейін олар көрме жобасына қатысу үшін бірігу туралы шешім қабылдаған. Павел Боженков, Қуаныш Балабеков, Владимир Фатьянов, Галина Коломенская, Мариана Макеева, Сергей Шешенов және Евгений Ким өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынбақ."Super 10" жобасы көрермендерді абстракция мен сюрреализмнен реализм мен минимализмге дейінгі әртүрлі стильдер мен әдістер бойынша қызықты саяхатқа шақырады. Көрмедегі әрбір жұмыс суретшінің жеке талантын ғана емес, сонымен қатар заманауи өнердегі жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды зерттеуге деген ұмтылысын көрсетеді", – дейді ұйымдастырушылар.Экспозиция 8 қаңтарға дейін жалғасады.Кіру тегін.Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890825
Қараша конференциясы: Қарағандыда бизнес өкілдері мен жоба әзірлеушілерге арналған кездесу өтеді 27.11.2024
"Террикон алқабы" it-хабы 29 қарашада өтетін кезекті конференцияға өтінімдерді қабылдауды бастады. Іс-шара айтишник пен digital-мамандарға бағытталған.Алты сарапшы әртүрлі саладағы білім және тәжірибесімен бөліседі. Спикерлердің әрқайсысы өз саласының маманы.Компанияның негізін қалаушы және коммерциялық директоры Hoster.KZ Виктория Бандельман "Компанияның түсінікті ұйымдық құрылымы – пайда мен өсудің негізі" атты дәріс оқиды.CEO Zima Blue, Sea ELDER Фарангиз Шукашева компанияларға стратегиялық шешімдер қабылдау үшін зерттеулер мен деректерді қалай тиімді пайдалану керектігін айтады.Тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің "Жеке Қаржы: қалай байып, жинаған қорды қалай жоғалтпау керек" тақырыбындағы дәрісі бюджеттеу, шығындарды басқару, тәуекелдерді басқару және салықтық жоспарлау тәрізді бағыттарды қамтиды.Aviata-дағы data engineer Ержан Кабыл "Data Science бойынша Kaggle-дегі міндеттерді шешу: Titanic кейсін талдау" тақырыбын таныстырады.Қазақстандағы Cloud mL СЭС Болат Қазкенов мансаптық жолды қалай құруға болатыны туралы құпиямен бөліседі.«Кotlin тілін қолдануға көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары» тақырыбында неконференцияда NITEC компаниясының Staff Software Engineer-і Темірлан Аманбаев сөз сөйлейді. Формат: онлайн/офлайн. Басталуы: 18:30.Қатысушыларды сайтта тіркеу: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890837
Қарағандыда шағын қалаларды дамытуға арналған "Қазақстан халқына" қорының тұжырымдамасы таныстырылды 27.11.2024
"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры "Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер" жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оны алғаш рет Қарағандыда таныстырып, бизнес-қоғамдастықты серіктестік құруға шақырды.Облыс әкімдігінде ірі компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесу өтті.– Бізде дайын бағдарламалар, бірқатар бағыттар бойынша сараптамалар бар. Бүгінгі кездесудің мақсаты – бірінші кезекте Қордың мүмкіндіктерін көрсету. Біз белгілі бір аймаққа назар аударуға дайынбыз. Қарағанды облысы – жаңа тұжырымдаманы ұсынып отырған бірінші аймақ. Біз өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен жақсы қарым-қатынас жасаймыз. Облыс әкімдігімен бірлескен жобалар өте көп, – деп атап өтті "Қазақстан халқына" ҚҚ қайырымдылық бағдарламаларын үйлестіру және донорлармен өзара іс-қимыл орталығының басшысы Шыңғыс Шарапиев.Тұжырымдама шағын қалалардағы адамдардың өмірін жақсарту үшін үштік одақты қамтиды. Қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын нақты қажеттіліктерге бейімдей отырып, қордың, биліктің және жергілікті бизнестің өзара іс-қимылын кеңейту ұсынылады. Бұл тәсіл мәселелерді шұғыл шешуге мүмкіндік береді, дейді құжатты жасаушылар.Тұжырымдаманы іске асыру медицина және білім беру, әлеуметтік инфрақұрылым, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.– "Қазақстан халқына" қоры бізге жаңа технологиялар, жаңа жабдықтар беріп қана қоймайды. Ол жаңа мүмкіндіктер береді. Бағдарламаларға сараптамалық сүйемелдеу, біздің мамандарды осы құрылғыларда жұмыс істей алатындай етіп оқыту кіреді. Өз кезегінде, біз жергілікті билік ретінде жабдықтарды орнатуға, кабинеттерді жөндеуге, инфрақұрылымға ақша бөлеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов. – Қор серіктестік қатынастарды ұсынады. Біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз. Облыс бюджеті әлеуметтік бағдарланған, шығыстардың жартысынан көбі әлеуметтік салаға тиесілі. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнесті қолдау өте маңызды. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890833
Теміртау және Қарағандыда өтетін балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктер 27.11.2024
Жаңа жыл жақындап қалды. Демек, балаларға арналған ертеңгіліктер де дайындалуда. Қарағанды және Темуртауда жас көрермендер назарына ертегі кейіпкерлерімен кездесу, ән салып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шаралар ұсынылады. Ертеңгіліктердің өтетін орын мен уақыты төменде келтірілген.Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінЖаңа жылдық қойылым және «Цветик-семицветик» мюзиклі, 5+.Жазушы Валентин Катаевтың осы аттас ертегісі негізінде қойылған спектакль. Женя есімді қыз бала сыйлық ретінде сиқырлы гүл алды. Егер арманыңызды айтып, оны жұлып алсаңыз, гүлдің әр жапырақшасы бір тілекті орындайды. Бас кейіпкер қандай тілектер айтып, соңғы жапырақшаны қалай қолданғанын көрермендер ертегіден біледі.20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған «Кішкентай жыланның шытырман оқиғалары» Жаңа жылдық қойылым және интерактивті ертегі.Кішкентай жылан Жаңа Жылды қарсы алуды армандайды. Ол жылы үңгірінен шығып, ертегіге келген достары қоян мен балаларды табады. Айлакер Қарға достарын алдап, олардан сыйлықтар салынған дорба мен шырша ойыншықтары салынған сөмкені тартып алуға тырысады. Ертегі соңы немен аяқталады: жақсылық немесе жамандықпен?«Буратино» театр-студияся20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінЖаңа жылдық қойылым және «Сиқырлы ойыншықтардың құпиясы» қуыршақ ертегісі, 3+.Ертегі кейіпкері ғажайыптарға сенбейді. Ол тіпті көп ойыншықтарға риза болмайды. Алайда олар сиқырлы болып шығады. С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театры21 желтоқсаннан бастапШырша айналасындағы Жаңа жылдық қойылым және қазақ халық ертегісі «Ұр, тоқпақ» пен орыс халық ертегісі «Теремок» негізінде қойылған қойылымдарды таңдауға болатын екі спектакль бар. Қойылымдардың басты тақырыбы – зұлымдыққа қарсы күрес, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру. Спектакльдерге театрдың қуыршақ труппасы да, әртістер де қатысады.Кеншілер мәдениет сарайы20-нан 30-шы желтоқсанға дейінЖаңа жылдық ертеңгілік. Бағдарламада ойындар, конкурстар, билер, тәтті сыйлықтар, Аяз Ата, Ақшақар және мультфильм кейіпкерлері бар.С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театры21–27, 30 желтоқсан 11:00, 13:30, 16:0028, 29 желтоқсан 10:00, 12:30, 15:00, 17:30Шырша маңындағы Жаңа жылдық қойылым және «Кірпі мен теңіз» философиялық ертегісі. Басты кейіпкер теңізді көру үшін жердің шетіне аттанбақшы. Қысқы ормандағы бақыт, достық және ғажайыптар туралы қойылым.Жас көрермендер театры21, 22, 28, 29 желтоқсан 18:004, 5 қаңтар, 18:00«Детективы на страже» театр квесті, 9+.Жаңа жыл қарсаңында әлемдегі ең ерекше мұражайда батыл қылмыс жасалды – басты жәдігер жоғалып кетті. Егер сіз оны уақытында қайтармасаңыз, онда қатерлі жағдай орын алады: уақыт артқа жылжып, Жаңа 2025 жыл болмайды! Жаңа жыл галактикааралық мұражайы жоғалған артефактіні іздеу үшін құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін шұғыл түрде детективтер тобын жинайды.21, 22, 28, 29 желтоқсан 12:00, 14:004, 5 қаңтар 12:00, 14:00«The Grinch и сказочный патруль» жаңа жылдық ертегісі 3+.Мерекені ұрлайтын Гринч тағы бір зұлымдықты ойластыруда: ол қуанышты мерекенің ең маңызды себебі – Жаңа жылды ұрлап кетті. Аяз Ата мен Ақшақарға көмектесуге ертегі патрулі – Маша мен Снежок асығады. Сиқырдың көмегімен кейіпкерлер Гринчті жеңуге және сүйікті мерекені қайтаруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890079
СПЕКА-ның сауданы дамытудағы және орнықты экономикалық өсудегі рөлі 27.11.2024
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда және сауда рәсімдерін оңайлатуға жәрдемдесу мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру, саудадағы кедергілерді азайту және сауда байланыстарын дамыту үшін халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Осы тұрғыда 2024 жылғы 26-28 қарашада Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан СПЕКА Экономикалық Форумы орнықты экономикалық өсімді қолдау мен өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.СПЕКА форумы Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы мен әлемдік экономикаға ықпалдасуы мәселелерін талқылау үшін маңызды тұғырнама болып табылады. Форумның негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыруды қолдау және «жасыл» экономика, энергетикалық тиімділікті арттыру және орнықты көлік желілерін дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлік бастамаларды ілгерілету болып табылады. 2024 жылғы СПЕКА экономикалық форумының мақсаттары:СПЕКА аймағындағы «жасыл» дамуды қолдау үшін өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктерін талқылау.Мемлекеттік қызметшілері мен тиісті мүдделі тараптар арасында: әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; орнықты экономикалық қайта құрулар мен «жасыл» дамуға жәрдемдесуге, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамытуға бағытталған саясат пен стратегиялар саласында білім және тәжірибе алмасу.Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру, бұл сауда үшін жағдайларды жақсартуға және энергетика секторындағы шығындарды төмендетуге тікелей әсер етеді.СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайту, бұл саудадағы кедергілерді азайтуға және өңірдегі бизнес-орта үшін жағдайларды жақсартуға ықпал етеді.Форумның маңызды аспектілерінің бірі 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы күн тәртібі және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған Вена іс-қимыл бағдарламасы сияқты халықаралық күн тәртібіне сәйкес келетін ұлттық даму стратегияларын әзірлеу мүмкіндіктерін талқылау болады. Бұл стратегиялар көлік ағындарын жақсартуға, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға көмектеседі, бұл өңір елдерінің саудасы мен экономикалық интеграциясын дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/890999
Жамбыл облысында 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды 26.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндамасы тыңдалды.Жамбыл облысында 45 571 адамның мүгедектігі бар.Биыл осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік-психологиялық, медициналық оңалтуға 4,3 млрд. теңге бөлініп, жоспар 93,9 пайызға орындалды. Сонымен бірге әлеуметтік қызметтерге 2,6 млрд. теңге қаралды.18 медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар 944 адам мен 415 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.Биыл 259 нысанды ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу жоспарланып, 189 ғимаратта жұмыстар аяқталды.Инватакси қызметін 2300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат пайдаланады. Ол үшін арнайы жабдықталған 32 арнайы автокөлік қарастырылған.Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы мәліметке сәйкес мүгедектігі бар 2 150 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 679 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 102 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 715 азамат тұрақты жұмыс тапты.Аппараттық кеңесте Тараз қаласы мен аудан әкімдері әлеуметтік нысандарды бейімдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамту бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.Облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды, тұрақты жұмыспен қамтуды, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін мамандардың біліктілігін арттыруды назардан тыс қалдырмауды талап етті.Ербол Қарашөкеев кейбір жекеменшік нысандардағы пандустың стандартқа сай келмейтінін, тіпті қарапайым адамның мініп-түсуі мүмкін емес екенін айта келе, бұл бойынша облыстық әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Аслан Оразбековке қатаң шаралар қабылдауды ескертті.Бұдан бөлек, мүгедектікті тағайындау бойынша халықтың арыз-шағымына назар аударды. Жауаптыларға заң аясында медициналық-әлеуметтік сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін ұсыныс әзірлеуге 1 ай уақыт берді.- Науқастарды әуре-сарсаңға салуды тоқтату қажет, — деген облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтардың мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.Аппараттық кеңесте мүгедектігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбай баяндама жасады.Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 9 468 бала бар, оның 7 120-на білім мен тәрбие берілуде.447 жалпы білім беретін мектептің 89 пайызы, 224 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің 81 пайызы инклюзивті білім беруге лайықталған.Ербол Қарашөкеев мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы инклюзивті біліммен қамту жұмыстарын одан әрі жандандыруды, Тараз қаласынан қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығын ашу бойынша нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/890812
Таразда Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалы ашылды 26.11.2024
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің базасында Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының салтанатты ашылуы өтті.Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Евгений Пак, Д.И. Менделеев атындағы РХТУ ректорының міндетін атқарушы Евгений Румянцев қатысты.Мемлекет басшысының беделді шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалалын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – РХТУ – «Қазфосфат» ЖШС білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық пен қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы үшжақты келісімге қол қойған болатын.-Президент білімге деген көзқарасты өзгерту қажет екенін, әсіресе техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін қадап айтты. Бізге инженер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыру қажет.Жамбыл облысы – химия өнеркәсібінің отаны! Өндіріс өлкесіндегі ірі зауыттар саланың айнасы әрі бастауы десек қателеспейміз. Облыс орталығында аталған филиалдың ашылуы – химия индустриясын одан әрі дамытудағы маңызды қадамның бірі, — деді Ербол Қарашөкеев.Сондай-ақ ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен РФ ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковтің құттықтау хаттары оқылды.Жаңа оқу жылынан бастап РХТУ филиалында алғашқы топ құрылып, 30 жамбылдық студент «бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім алуда.Филиал ғимаратында 4 зертхана, 2 компьютерлік сынып, конференц-зал және аудитория қарастырылған.Жоғары білім беру нысанын күрделі жөндеуге және жабдықтарды жеткізуге «Қазфосфат» ЖШС қаражат бөлді.Өткен жылдың мамыр айында химия өнеркәсібі саласы бойынша ТМД-да тұңғыш жүзеге асырылған желілік кампус жобасы іске қосылды. «2+1+1» бірлескен білім беру бағдарламасы аясында болашақ химик-технологтар алғашқы екі курсты М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде, ал үшінші курсты Д.И. Менделеев атындағы РХТУ-де оқиды. Төртінші курстыТаразда жалғастырып, білім алумен қатар «Қазфосфат» ЖШС-де тәжірибесін шыңдайды.Өңір мектептерінде жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін тереңдетіп оқыту жүйесін ұйымдастыру үшін Менделеев сыныптары ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/890803
АЛМАТЫ ОҚКА АЛҒАШ РЕТ: НЕЙРОХИРУРГИЯДАҒЫ БІРЕГЕЙ OLIF ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 26.11.2024
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет OLIF (Oblique Lumbar Interbody Fusion) әдістемесі бойынша алғашқы операциялар орындалды.Бұл инновациялықю ең аз инвазивті тәсіл омыртқа ауруларын емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашты.OLIF немесе «қиғаш бел денеаралық фиксация» омыртқааралық дискілерді қалпына келтіру және келесі патологияларда омыртқаны тұрақтандыру үшін қолданылады: омыртқаның дегенеративті өзгерістері, омыртқааралық дискілердңң жарықтары, спондилолистез, сколиоз және кифоз.Араласудың жарақаттануын едәуір төмендетуге, қалпына келтіру процесін жеделдетуге және оңалту кезеңін азайтуға мүмкіндік береді.Операцияларды Қазақстанның жетекші нейрохирургтары: Талғат Керімбаев, Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығының (ҰНҒО) жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас жұлын нейрохирургы және Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов жүргізді.«OLIF бұлшықеттер мен байламдарды сақтай отырып, кішкене кесу арқылы операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл қан жоғалтуды айтарлықтай азайтады, асқыну қаупін төмендетеді және пациенттің келесі күні белсенді болуына мүмкіндік береді. Мысалы, біз мастер-кластың шеңберінде біз L4-L5 деңгейінде бел тұрақсыздығы бар пациенттерде омыртқааралық дискіні ауыстыру операцияларын жасадық. Орнатылған имплантаттар омыртқаны тұрақтандырып қана қоймайды, сонымен қатар физиологиялық тұрғыдан дұрыс орналасуды қамтамасыз етеді.Мұндай әдістер пациенттерге үйреншікті өмірге тезірек оралуға көмектеседі», - деп атап өтті Талғат Керімбаев.Сонымен қатар, хирургиялық микроскоп пен арнайы жабдықты қолдана отырып, жұлын ісіктерін жою үшін үш операция жасалды.Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы жоғары технологиялық медициналық көмектің бағыттарын дамытуды жалғастырып, оны Алматының және Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/890786
АЛМАТЫДА ЖЕТЕКШІ САРАПШЫЛАР АИТВ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ 26.11.2024
2024 жылғы 26 қарашада Алматы қаласында «АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша инновациялық шаралар: саясат, зерттеулер, практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция 1 желтоқсанда атап өтілетін ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған «Дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтарының жолын» ұранымен өткізілетін Дүниежүзілік науқан аясында ұйымдастырылды. Конференцияның тағы бір маңызды себебі – Қазақстанда АИТВ қызметінің құрылғанына 35 жыл толуы.Қазақстанда АИТВ алдын алу қызметінің құрылғанына 35 жыл толуына орай, конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш.Әлназарова сөз сөйледі:«Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында Қазақстан АИТВ инфекциясымен күресте елеулі үлес қосты және бұл қауіп-қатерді жоюға ұмтылған жаһандық қауымдастықтың бір бөлігіне айналды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды және ұзақ өмір сүруге үміт, көмек пен қолдау алды», - деп атап өтті министр.«2024 жылдың басына дейін Қазақстанда АИТВ-пен өмір сүретін 32 659 адам тіркелген. Өткен жылы алғаш рет тіркелу өсімі қарқынының төмендеуі байқалды. Анадан балаға АИТВ жұғу көрсеткіші 3,6%-дан 1,6%-ға дейін төмендеді. ЖИТС-тен өлім-жітім төрттен бірге азайды. Қазақстанда ДДСҰ ұсынған барлық 12 профилактика бағдарламасы енгізілген, оның ішінде кең танымалдылыққа ие бола бастаған контактіге дейінгі профилактика бар.Бүгінде бұл әдісті АИТВ-сыз 11 мыңнан астам адам қолдануда, – деді ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы Ұлықбек Медеубеков.Жастар денсаулық орталықтарында, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында және жеке медициналық орталықтарда алдын алу жұмыстарын кеңейту қажет. Ауруды ерте кезеңде анықтау АИТВ-ның алдын алу мен емдеуде маңызды басымдық болып табылады. Жастар арасында АИТВ-ға тест тапсыруды сәнді үрдіске айналдыру керек.Талқылаулар барысында анадан балаға (АИТВ, мерез және В гепатиті) үштік элиминацияны енгізу, негізгі халық топтарына қатысты стигманы азайту бойынша тиімді шараларды әзірлеу, алдын алу шараларын жетілдіру және басқа да мәселелер көтерілді. Қатысушылар АИТВ тестілеудегі инновациялық тәсілдерді, АИТВ профилактикасында әлеуметтік маркетинг, краудсорсинг элементтерін және мектептердегі интерактивті әдістерді пайдалануды талқылады.Қатысушылар атап өткендей, конференция АИТВ мен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған заманауи тәсілдерді жетілдіруде маңызды қадамға айналды.Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО), «Қоғамдық денсаулық сақтау» қауымдастығы. Конференцияға Денсаулық сақтау министрлігінің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың – ДДСҰ, UNAIDS, USAID, CDC, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Беларусь, Германия, Грузия, Дания, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинадан АИТВ саласындағы жетекші сарапшылар шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/890788
Ауыл шаруашылығы жұмыстарына дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінім беру туралы 26.11.2024
Жетісу облысының ауыл шаруашы­лығы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан- әрі Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру 2024 жылдың 01 желтоқсанынан бастап 30 желтоқсанына дейін Госагро порталында https://gosagro.kz қабылданады. Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді: 1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі; 2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы; 3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы); 4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.Бұл ретте, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді.Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7282) 32-97-04 телефон нөмеріне хабарласуға болады.Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/890751
Қарағандыда нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды 26.11.2024
Қарағандыда көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында QH оңалту орталығы ашылды. Бұл нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме.Жыл сайын орталық 600-ге жуық бала қабылдай алады. Қалпына келтіру емін жас пациенттер МӘМС жүйесі есебінен тегін өтеді.Мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Балалармен жұмыс істеу үшін көпсалалы команда құрылды, оның құрамына невропатологтар, реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДШ нұсқаушылары және еңбек терапевттері кіреді. Олардың барлығы арнайы дайындықтан өткен. Әр балаға қалпына келтіруге және әлеуметтенуге мүмкіндігінше тиімді көмектесу үшін жеке бағдарлама құрылады.Айта кету керек, бір жылға жуық уақыт бойы облыстық ауруханада 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Жаңа орталықта кешенді оңалту мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындарына 3 жастан 18 жасқа дейін қолжетімді болады.– Ол үшін бізде барлық қажетті жабдықтар бар. Олардың ішінде баланың жасына және бойына байланысты әртүрлі вертикализаторлар бар. Барлық мамандар дайындалды. Олар біздің аурухана базасында оқыды, Астана, Қостанайға барды. Оңалту сапасы жоғары болуы үшін біз дәрігерлердің біліктілігін үнемі арттырып отырамыз, – дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Нина Деркач. Ерте араласу орталығында алғашқы жетістіктер бар. Мұны ерекше балалардың ата-аналары да растап отыр.– Біз мұнда қызым Альфия 7 айлық болғанда келдік. Ол басын ұстай алмады. Мұнда біз емдеу курсынан өттік. Ол аяқталғаннан кейін менің қызым басын нық ұстауды үйренді. Мұнда біз сапалы ем алдық, – деп бөлісті кішкентай науқастың анасы Динара Карина.Жаңа орталықтың ашылуына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков қатысты. Ол медициналық мекеменің мамандары ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетінін атап өтті.Орталық жергілікті атқарушы органдар, "Қазақстан халқына" қорының серіктестері және меценат-компаниялардың бірлескен күш-жігерінің арқасында ашылды. Жобаны іске асыруға қаржылық көмек көрсеткен Eurasian Resources Group (ERG), сондай-ақ "Қамқорлық қоры" ҚҚ мамандарды оқытуды және заманауи жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастырды."Қазақстан халқына" ҚҚ қолдауымен қайырымдылық бағдарламалары аясында еліміздің барлық өңірлерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Олардың біріншісі Жезқазғанда жұмыс істейді, алдағы күндері Павлодар облысы мен Шымкентте осындай мекемелер ашу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890715
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР АУЫЛДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 26.11.2024
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірқатар ауылдық медициналық нысандардың құрылысымен танысты.Алға ауданының Тоқмансай ауылында күніне 25 адам қабылдауға есептелген жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталуда. Бұған дейін жергілікті дәрігер кеңес кезіндегі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғындарына көмек көрсеткен. Бүгінде жаңа пунктте жалпы практика дәрігерінің, ем-шара кабинеті, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Ашылуы желтоқсан айының басында жоспарланған.Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің белсенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Жаңа жылдан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасында тері арқылы коронарлық араласудың ауданаралық орталығын құру үшін қосымша құрылыс басталады. Бұл орталық бірнеше аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және Ақтөбе-Астрахань автожолындағы Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.Сапар барысында вице-министр Ақтөбедегі медициналық мекемелерге: балалар стационарларына, көпбейінді облыстық ауруханаға, перинаталдық орталыққа, медициналық орталыққа және бірнеше емханаға барды.Өңір ауылдарында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Осы ауқымды жобаны іске асыру ауыл тұрғындарын заманауи қолайлы жағдайларда сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/890744
Ақтөбе облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады 26.11.2024
Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Үкіметтің қаулысы дайындалды."2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы құрылсын", — делінген құжатта.Сондай-ақ, "Ақтөбе" АЭА туралы ереже және АЭА нысаналы индикаторлары әзірленді."Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы Ақтөбе облысында, Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі "Оңтүстік айналма" тас жолының бойында, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының жанында орналасқан.АЭА аумағы Қазақстан Республикасының аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 858 гектар жерді құрайды.Дереккөз: Zakon.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/890632
Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды 26.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру, атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.«Балалардың шығармашылық үйірмелерге,спорттық секцияларға нақты қатысуын ата-аналар растаған ақпаратты негізге алып, тиісті шара қабылдаңыздар. Барлық кәсіпкерлер Face ID мобильді қосымшасымен қамтамасыз етілсін. Атаулы көмек алушылар қатарында шынайы табысын жасырып, жалған ақпарат ұсынғандар түрлі әрекетке баруда. Бұл көмек тек шын мұқтаж отбасыларға ғана берілуі қажет. Осыған орай, жыл соңына дейін белгіленген жоспарды орындауды, негізсіз көмек алғандардың қаржысын мемлекетке қайтаруды тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 2021 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы қолға алынды. Биыл шығармашылық тапсырыс аясында қаралған қаржыдан 600,0 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды.Жалпы облыс бойынша 40 мәдениет үйі мен клубты, 15 мектеп, 1 университет корпусын кәсіпкерлер үйірме жұмысын жүргізу үшін жалға алған.Алдағы уақытта арнайы комиссия құрылып, қаладағы, аудандардағы барлық үйірмелердің жұмысы толық тексеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/890451
Жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс 26.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы «Руханият орталықтары» мен физика-математика мектеп-интернаты құрылыстарына қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.Қазір барлық ауданда облыстық бюджет есебінен «Руханият орталықтары», Қызылорда қаласында «Білімді қолдау қоры» есебінен дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы жүргізілуде.Облыс әкімі аталған нысандардағы жұмыс бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі керек екенін атап өтіп, сапаға баса мән беруді тапсырды.«Өздеріңізге белгілі, «Руханият орталықтарына» кітапхана, музей, архив, неке қию залы, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі орналасады. Ғимараттардың ішкі әрлеуі, қабырға және еден кафельдері, сыртқы абаттандыруы, асфальт және брусчаткасы сапалы әрі көрнекі болуы қажет.Өткен аптада мектеп-интернат құрылысымен таныстым. Бұдан бұрын нысанды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырғанмын. Тиісті қаржы уақытылы әрі кедергісіз бөлінгенімен, құрылыс баяу жүруде. Құрал-жабдықтар, ғимаратқа қойылатын жиһаздар, жалпы айтқанда барлығы сапалы болуы керек.Тиісті басқарма басшылары, қала және аудан әкімдіктері, құрылыстың мерзімінде аяқталуын әрі сапалы салынуын қатаң бақылауға алыңыздар»,– деді Нұрлыбек Нәлібаев.Аймақ басшысы барлық құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын бірінші басшылар үнемі бақылауда ұстауы керек екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/890558