Ғылым
19 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан облыстық ҚХА активімен кездесу өткізді. 21.02.2025
Іс-шара барысында Ассамблеяның 30 жылдығына дайындық, қоғамдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ белсенділердің елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесіне байланысты мәселелер қаралды.Кездесуге қатысушылар ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру бойынша пікір алмасып, одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/941785
Ақтөбеде «Ассамблея жастарына» арналған коворкинг орталығы ашылды 21.02.2025
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған орталықтың алғашқы қонақтары болды. Меймандар тілек тақтасына лебіздерін жазып, жастарға сәттілік тіледі. Жаңа коворкинг орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жұмысын бастады. 72 шаршы метрлік бөлмеде жастардың жан-жақты дамуына қажетті барлық техника бар, кітап сөресі қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен толықтырылыпты. Ән айтып, күй тартуды жақсы көретін жастар үшін түрлі аспаптар қойылған. Пікірталас алаңы да жасалған.Коворкинг орталық ашу туралы бастаманы «Ассамблея жастары» бірлестігінің мүшесі Данил Цой облыстық Ассамблеяның өткен сессияларының бірінде өңір басшысы алдында көтерген еді. Жалынды жастың ұсынысына Асхат Шахаров қолдау білдірді.Мұнда жастар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен достық құндылықтарын насихаттап, сондай-ақ түрлі этникалық топтар арасында өзара түсіністікті нығайтып, жаңа идеяларын жүзеге асыруға ниетті. Олар ұсыныс-тілектерін Асхат Шахаров және Марат Әзілхановпен кездесуінде де тілге тиек етті.Өңір басшысы өз сөзінде қоғамда пікірі бар жастардың артқанын алға тартып, оларды әрқашан қолдайтынын алға тартты. Жаңа коворкинг орталығы жастардың елге пайдалы бастамаларын жүзеге асыруына серпін беретініне сенім білдірді.«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалына 300-ге жуық жас мүше, оның ішінде 70-тей жас – Ақтөбе қаласында. Ассамблеяның «Жаңа толқын» арнайы жобасы аясында жастардың жобалары мен бастамаларын қолдау мақсатында жоғары және арнаулы оқу орындарында студенттік ассамблеялар құру қолға алынды, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келе жатырған «Достық» клубтарының құрылымы кеңейіп, жұмыс бағыттары өзгерді.Былтырғы жылы Мемлекет басшысының сессия отырысында берген тапсырмасына сәйкес, этномәдени бірлестік басшыларының жаңа жас орынбасарлары тағайындалып, облыстық Ассамблеядағы жастардың жалпы үлесі 22%-ға артты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/941788
Қарағандылықтарды Орталық саябақта өтетін жаппай шаңғы жарысына шақырады 21.02.2025
Қарағандыда 22 ақпанда жаппай шаңғы жарысы өтеді. Спорттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған. Барлық ниет білдірушілер – оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады."Өтініштер wintersport_kz@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp 8-708-972-80-57 нөміріне қабылданады. Бір айналым – 1,5 км", – деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасы.Жарыс бағдарламасы жеті жүгіруден тұрады: үшеуі – 4-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары арасында, екеуі – колледждер мен ЖОО студенттері арасында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер, ардагерлер арасында жеке жарыстар болады.Қатысушылар Қарағанды орталық саябағында «Green City Park» тұрғын үй кешені жағынан үшінші шағын көлдің жанында жиналады. Жарыс сағат 12:00 басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940932
Қарағанды мен Теміртауда бос орындар жәрмеңкесі өтеді 21.02.2025
Қарағанды мен Теміртауда жұмысқа орналасқысы келетін тұрғындар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.Облыстың еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыссыз қарағандылықтарды 21 ақпанда сағат 12:00 Бұқар жырау даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан жоғары политехникалық колледжге шақырады.Байланыс телефондары: 60-50-50, Whatsapp: (8-775) 644-35-80.Жұмыс іздеп жүрген теміртаулықтарды 20 ақпанда сағат 16:00-де Чайковский көшесі, 2/1 мекенжайындағы Жастар орталығында күтеді.Телефон: (8-7213) 91-64-20.Жәрмеңкелерде облыс кәсіпорындары сұранысқа ие жұмыс орындарын ұсынады. Олардың ішінде дәнекерлеуші, электрик, сатушы, кассир, жүргізуші және т. б. бос орындар бар. Ізденушілер жұмыс тауып, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңес ала алады.Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша enbek.kz электрондық еңбек биржасында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940946
«Қауіпсіз жол»: Қарағанды облысында республикалық акция өтуде 21.02.2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысын бақылауды күшейту мақсатында 18–21 ақпанда Қарағанды облысының полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл күндері аймақ жолдарында полиция жасақтары көп болады. Полиция қызметкерлері еріктілермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудара отырып, рейдтер өткізеді.Бұдан басқа, қоғамдық көліктер – автобустар мен таксилер тексеріледі, сондай-ақ шетелдік тіркелген автомобиль жүргізушілерінің тәртібіне бақылау күшейтілді.Қабылданған шараларға қарамастан, жыл басынан бері облыс аумағында 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, 58-і түрлі жарақаттар алған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 15 850 оқиғасын тіркеді, оның ішінде 83 көлік құралын мас күйінде жүргізу оқиғасы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941286
Жас суретшілер Қарағандыдағы көрмеде өз еңбектері арқылы көшпенділердің өмірі туралы әңгімелейді 21.02.2025
15 жас суретшінің 30-дан астам жұмысы "Дала. Көшпенділер" атты көрме өтеді. Экспозиция 20 ақпанда сағат 16:00 ашылады.Көрме – көшпенділердің дәстүрлері мен олардың қазіргі қоғамға ықпалы туралы ойланатын алаң. Қарағандылық жас суретшілер өз шығармашылықтарымен көшпелі халық өмірінің тарихы мен философиясы туралы әңгімелейді.Көрмеде түрлі жанрдағы және түрлі қырлы жұмыстар: пейзаждар, портреттер, графика, абстрактілі суреттер, тоқыма бұйымдары ұсынылады.Экспозиция 2 наурызға дейін жалғасады.Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Жұмыс уақыты: жұмыс күндері – 10:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері - 10:00-ден 17:00-ге дейін.Анықтама телефоны: (8-7212) 475-475.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941310
Бокстан халықаралық турнирде Қарағанды облысының спортшылары бес медаль жеңіп алды 21.02.2025
Алматыда олимпиада чемпионы және еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін қыздар арасында бокстан VII Халықаралық турнир аяқталды. Қарағанды облысынан он спортшы қатысып, оның бесеуі медальмен оралды.Турнирге Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 19 өңірінен 270-тен астам спортшы қатысты.Қарағанды облысының намысын 15–18 жас аралығындағы он бойжеткен қорғады.Олардың екеуі – Шахтинск қаласында тұратын апалы-сіңлілі Аяулым мен Камила Оспановалар 63 кг және 70 кг дәрежесінде алтын медальға ие болды. Қарағандылық Алина Құдайгенова 60 кг және Айдана Убайдоллақызы 80 кг салмақта күміс медаль алды. Үшінші орын 48 кг санатында өнер көрсеткен қарағандылық Айжан Мұратқа бұйырды.– Турнир біз үшін жақсы өтті. Қыздар айтарлықтай бәсекелестікке қарамастан лайықты нәтиже көрсетті, – деп атап өтті Қарағанды облыстық бокс федерациясының персонал және жалпы мәселелер жөніндегі бас менеджері Айгүл Байманова.Қазір біздің спортшылар бірден бірнеше маңызды жарысқа – бокстан Латвиядағы халықаралық чемпионатқа, Қазақстан мен Азия чемпионаттарына дайындалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941353
Қарағанды облысында борышкерлерге несиелерін өтеуге көмектеседі 21.02.2025
Қарағанды облысының Бұқар жырау және Осакаров аудандарында пилоттық режимде «Қайта бастау» жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – несие бойынша қарызы бар адамдарға көмек көрсету.«Қайта бастау» жобасы аясында қарызы бар адамдар үшін қаржылық сауаттылық сабақтары өткізіледі, тұрақты жұмыс табуға және банктерден қарызды қайтарудың жеке және жайлы шарттарын алуға көмектеседі.Бұл бағдарламаға 90 және одан көп күн қарызы бар қарыз алушылар қатыса алады. Бұл ретте қарыз сомасы маңызды емес. Алайда, егер адамның түрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан бірнеше қарызы болса, онда оған қатысуға жол берілмейді.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қатысушылармен жеке шарттар жасасады, онда күрделі қаржылық жағдайдан шығу үшін қажетті барлық қадамдар жазылады.Бірінші кезекте қаржылық сауаттылық курсынан өту керек. Оны Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша өткізеді. Онлайн да, офлайн форматында да айналысуға болады.Содан кейін, егер қажет болса, борышкерге жұмысқа орналасуға көмектеседі. Бұл үшін облыста табысты жұмыс істейтін бірнеше әлеуметтік бағдарламалар іске қосылады. Олардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» және «Алтын жас» жобалары, қоғамдық жұмыстар мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар бар.«Қайта бастау» жобасының қорытынды кезеңі – банктен немесе микроқаржы ұйымынан кредитті өтеудің жеке шарттарын алу. Оған оқудан өткен және жұмыс тапқан қатысушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары көмектеседі.«Қайта бастау» жобасының қатысушысы болу үшін ауылдық округ әкімдігіне немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.Байланыс телефондары:Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – (8-7214) 94-13-74;Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – (8-7215) 42-10-38;Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – (87212) 43-16-75. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941382
Маңғыстауда көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары талқыланды 21.02.2025
18 ақпанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Басқосуда 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен автомобиль жолдарын қорғау шаралары, су өткізу құрылыстары мен дренаж жүйелерінің дайындығы пысықталды.Отырыста облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев өңірдегі республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қорғалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 65 техника жұмылдырылып, 80 тонна бензин мен дизель отынының қоры дайындалды. Сонымен қатар, көлік қызметіне 9 құралым, 200 автокөлік және 300-ге жуық жеке құрам тартылған. Төтенше жағдай қаупі туындаған жағдайда 4 000-нан астам адамды тасымалдауға мүмкіндік бар.Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Александр Алексеевтың айтуы бойынша өңірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты су тасқыны қаупі төмен. Дегенмен, алдын алу шаралары қазірден басталып кеткенін атап өтті.- 2025 жылға су тасқынының алдын алу және зардаптарын жою мақсатында 1 800 тоннадан астам инертті материал, 4 200 қап және 150 тоннадан астам жанар-жағармай қоры дайындалды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарды тамақтандыру үшін 50 келісім жасалды. Қажет болған жағдайда оларды жатын орындармен және жеткілікті көлемде төсек орын жабдықтарымен қамтамасыз етеміз, — деді Александр Алексеев.Жиын барысында Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов Жармыш ауылынан батысқа қарай 1 шақырым жерде орналасқан «Сарықабақ» гидротехникалық құрылысына күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл бөгет ауылға жақын таулардан ағатын жауын-шашын, жер асты және бұлақ суларын жинақтауға арналған.- Жармыш ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөгетті жаңарту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда 17,6 гектар аумақты қамтитын құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл толықтай бітіруді жоспарлап отырмыз, — деді Ғалымжан Ниязов.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты органдарға көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Көктемгі су тасқынының алдын алу – өңіріміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Барлық жауапты мекемелер дайындық жұмыстарын күшейтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қатаң бақылауда ұстауы тиіс, — деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/941410
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТИМУР МҰРАТОВ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 21.02.2025
Бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысына Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов келді. Сапар барысында ол Ақсу қалалық ауруханасының жұмысымен танысып, халықпен кездесу және балалар шығармашылығы үйінде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.Жеке қабылдау барысында вице-министр көп балалы ер адамның өтінішін қарады, ол ұлына операция жасауға жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ, баланың анасы Астана қаласында атопиялық дерматит бойынша мамандандырылған ем алу үшін квота беруді сұрады. Вице-министр осы мәселелердің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, олардың шешімдері оның жеке бақылауына алынғанын атап өтті.Журналистермен кездесуде өңірлік және республикалық маңызы бар мәселелер көтерілді. БАҚ қозғаған маңызды мәселелердің бірі медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыруға қатысты болды. Бүгінгі таңда Павлодар облысының 35 мемлекеттік медициналық мекемесінің 32-сі медицина қызметкерлерін сақтандыру шарттарын ресімдеді. Бұл мәселе жергілікті денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.Сонымен қатар, кездесу барысында медициналық анықтамалардың электрондық форматқа, оның ішінде еңбекке жарамсыздық парақтарына көшуі, өңірдегі кезектілік және кадр тапшылығы мәселелері,Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта қандай шаралар қабылдап жатқаны сияқты жаңалықтар талқыланды.Ертең, 19 ақпанда вице – министр өңірдің бірқатар медициналық нысандарына, оның ішінде №1 Павлодар қалалық ауруханасы мен облыстық балалар ауруханасына баруды, сондай-ақ өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау үшін облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/941357
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 21.02.2025
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстарымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған оқу-ағарту бағытындағы арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.Бағдарлама аясында қаланың білім беру ұйымдарында қоршаған ортаны қорғауға арналған арнайы білім мен тәрбие беру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, түрлі іс-шаралар өткізілуде.Атап айтқанда, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында экология тақырыбына арналған ашық сабақтар, танымдық кездесулер және экоакциялар ұйымдастырылуда.Сондай іс-шаралардың бірі бүгін Шымкенттегі №35 орта мектеп пен №72 орта мектепте өтті. Онда оқушылар экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған арнайы іс-шараларға қатысты.Одан бөлек, М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Сана тазармай – қала тазармайды» атты жастарға арналған арнайы экологиялық акция өтті. Бұл іс-шараға ЖОО студенттері, белсенді жастар мен экология саласының мамандары қатысып, экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.Білім беру ұйымдарында өткізілген кездесулер барысында белсенді жастар мен арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, оқушылар мен жастарды экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлу, олардың табиғатқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, болашақта экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам құруға үлес қосуға шақырды.Іс-шараларды ұйымдастыруға білім беру мекемелері, жастар ресурстық орталығы мен қоғамдық ұйымдар атсалысты.«Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты - тұрғындар мен жастарды жалпықалалық экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға тарту. Қала тұрғындары мен жастарының экологиялық мәдениеті мен санасын қалыптастыру және жетілдіру, экологиялық таза өмір салтын насихаттау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/941245
ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ 21.02.2025
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында ел спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда спортшыларымыз 17 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Ел қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде бар.Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 6 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Юрий Юрков (50 м, винтовкамен жатып ату), Елизавета Безрукова (10 м, пневматикалық винтовка микст), Никита Шахторин (10 м, пневматикалық винтовка), Рамазан Ынтықбай (10 м, тапанша) және жасөспірімдер арасында Олег Носков (10 м, пневматикалық винтовка) жеңімпаз атанды.Ирина Юнусметова, Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова (жасөспірімдер құрамасы), Олег Носков (жасөспірімдер) сынды жерлестеріміз екінші орыннан көрінді.Биылғы Азия Кубогында 23 елден 320-дан астам спортшы бақ сынап жатыр. Турнир 22 ақпанда аяқталады. Еліміздің спортшылары жарысты сәтті жалғастырып, жеңісті еселеуді көздеп отыр.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/941395
ШЫМКЕНТ: САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ 21.02.2025
Бүгін садақ атудан жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан келген жас мергендер бақ сынасуда. Чемпионат – халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке.Спортшылар мергендік қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өткізеді. Мақсат – садақ ату спортының дамуына серпін беру, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және ұлттық құрама сапына лайықты спортшыларды іріктеу. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері 24 ақпанда марапатталады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/941401
ЖОСПАР 2025: ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА 13 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ 21.02.2025
Шымкент қаласында шағынаудандарды және әлеуметтік нысандарды инженерлік коммуникация желілерімен қамту жұмыстары биыл да жалғасады. 2025 жылы Тұран шағынауданында барлығы 13 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген. Қазіргі уақытта «Энергомера» ЖШС тарапынан 4 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар 2025 жылдың қыркүйегінде орындалады.Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасы тарапынан биыл Ақжайық, Азат шағынауданын электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Тассай», “ТЛЦ” индустриялық аймағында, «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-не электр желілерін тарту, «Ақжар» 110/35/10 кВ ҚС салу жұмыстары атқарылады. Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекені, Құрсай, Қайтпас-1 - Тұран шағынауданының жаңақұрылыс аумағы электр жүйелерінің және Тұран шағынауданын жарықтандыру жүйелерінің жұмыстары жүргізіледі.Бүгінде 81 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған. Былтыр электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылысы жүргізілді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/941409
Қызылорда облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда 21.02.2025
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысымен танысты.Оның аясында Сыр өңірінде 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы басталып, бүгінде 5-уі оқушылар мен ұстаздардың игілігіне табысталды. Биыл тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.«Жайлы мектептерде» бастауыш және жоғары сыныптар бөлек блоктарда оқиды. Мобильді трансформер парталармен, әмбебап акт залымен, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы наурыз айында аяқталмақ. Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940014
Сыр елінде жаңа стадион ашылады 21.02.2025
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа стадионның құрылыс алаңына барды. Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа стадион бокс, күрес, ауыр атлетика, футболшылардың жаттығу залдарымен, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдарымен қамтылатын болады. Стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА классификациясы бойынша ІІІ санатты. 11 мың орынға арналған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.Бүгінде шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау 100% аяқталып, қабырғалар мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Наурыз айында ғимараттың сыртқы қабырғалары, ішкі инженерлік желілері аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру жұмыстары басталады. Нысан мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі орталығы» іске қосылғанын, жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена» және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталатынын айтты.Мұнан бөлек, Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал, Жаңажол, Ақай, Арал ауданының Жақсықылыш, Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылдарында, Жалағаш кентінде жаңа спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 6, облыстық бюджет есебінен 2, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 2 спорт нысаны салынуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940020
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары жаңа автовокзалға барды 21.02.2025
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жаңа автовокзалдың жұмысымен таныстырды.Өткен жылы Қызылорда қаласының сол жағалауынан заманауи үлгідегі 200 орындық автовокзал пайдалануға берілген еді.Жаңа ғимарат жолаушыларға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған.Бүгінде автовокзалда облыс аудандарына, басқа өңірлерге қатынайтын маршруттарға, сондай-ақ, транзиттік бағыттағы автобустарға қызмет көрсетіледі. Жолаушылар автовокзалдан 38 маршрут бойынша сапарға шыға алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940021
Қызылорда облысында құрылыс қарқыны жоғары 21.02.2025
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қала аумағында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде соңғы 3 жылда құрылыс жұмыстарының көлемі артқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өсім 153,8%. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артып, рекордтық деңгейге, 866,8 мың шаршы метрге жетті. 2022-2023 жылдары 4000-ға жуық пәтер пайдалануға берілсе, былтыр 2500-ден астам баспана кілті табысталды.Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй сатып алуда облыс 1948 пәтер көрсеткішімен республикада 2-ші орынға шықты.Айта кетейік, өңірде құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Өткен жылы 69 жаңа ғимарат салынды, оның 25-і білім, 16-сы денсаулық сақтау, 11-і мәдениет, 17-сі спорт саласына тиесілі.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлді. Оның арқасыда Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды.Мұнан бөлек, 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынып, бүгінде ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940022
Сыр елінде «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық ақындар айтысы басталды 21.02.2025
Сыр елінде Қызылорда және Алматы облысы ақындарының «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы басталды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақындар, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.Жыр додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай жүргізді. Командалық айтыста елімізге белгілі 20 ақын сөз сайыстырады.Ашылу рәсімінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн», – деген болатын. Өнер мен мәдениетке, оның өкілдеріне қандай қолдау, қошемет жасасақ та жарасады.Осы ретте аймақтағы мәдениет және өнер, әдебиет өкілдеріне «Тұран», журналист-қаламгерлерге «Жебе» арнайы сыйлығын табыстадық. Өткен жылы салынған көпқабатты жаңа тұрғын үйден мәдениет, өнер өкілдеріне алғаш рет 40 қызметтік пәтер берілді.Сыр бойындағы айтыс өнерінің ізбасарларының да жеңісті, жемісті сәттері көп болды. Үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Мұхтар Ниязовтың ізін жалғаған талантты ақын Мейірбек Сұлтанхан кезекті «Алтын домбыраны» жұртшылыққа тарту етті. Бұл өткен жылдың айтулы мәдени жаңалығына, Сыр руханиятының қуанышына айналды. Жаңа жыл басталысымен жерлесіміз, жас талант Бексұлтан Орынбасаров «Күміс домбыра» иеленді. Бүгінгі сөз додасына келген жүйріктерге ел рухын асқақтатудағы елеулі еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Халықты сөз құдыретімен демеп, ізгілікке үндеген өнердегі шын жүйріктердің келесі кезеңге өтіп, ақтық сынға жолдама алып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін! «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, сөз сыйлаған тыңдарманға келелі ой айтып, тағылымды сайыс жасаңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деді аймақ басшысы.Аламан айтысқа ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы, қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман, дәстүрлі әнші, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Серік Құсанбаев, ақын, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Мәдениет саласының үздігі Мырзабек Құдайберлі, күйші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы, жыршы, термеші, ұстаз, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков қазылық етеді.Айта кетейік, былтыр аймақта «Руханият жылы» жарияланып, атаулы жылда игілікті істер мен жаңа жобалар жүзеге асты. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» және «Өнер орталығы» пайдалануға беріліп, жаңадан симфония оркестрі, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, іске қосылуда. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты мамыр айында пайдалануға беріледі. Облыстың мәдениет мекемелерінің 25 қызметкері Италия, Белорусь елдерінде біліктілік арттырды. Астана, Алматы қалаларында Қызылорда облысының Өнер күндері жоғары деңгейде өтті. Бұл үрдіс биыл республикамыздың өзге өңірлерінде жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940026
Жаңақорған ауданында «Руханият орталығы» ашылды 21.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.Мерекелік іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға, игі бастамаларға тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» - деген болатын. Былтыр өңірімізде «Руханият жылы» жарияланып, атаулы жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен бірге ауқымды жобаларды да жүзеге асырдық. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы пайдалануға беріліп, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге "Үстел теннисі орталығын", «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайын" ел игілігіне табыстадық. Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Шығармашылық академиясы», "Орталық стадион" салынуда. Жаңа нысандар биыл мамыр айында іске қосылады."Руханият орталығы – бірліктің ордасы» рухани қазынамызды толықтыратын, жұртшылыққа қуаныш сыйлайтын орынға айналсын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақ болғай! Ел іргесі бекем, қуаныш құтты болсын!»,- деді Н.Нәлібаев.Жиында Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Дулатбек Әбіш жиналған қауымды құттықтады. Қоғам қайраткері, Нәжмадин Мұсабаев ақ батасын беріп, ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.Айта кетейік, биыл - Қызылорда тарихындағы маңызды жыл. Осыдан бір ғасыр бұрын мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығып, Кеңестердің Бүкілқазақстандық бесінші съезінде «Киргиз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» атауы «Қазақ автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» деп өзгертілген. Ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауы қайтарылып, республика астанасы Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылданған. Еліміздің алғашқы Үкімет басшылығы, басқару институттары осы жерде қалыптасып, нығайды. Алғашқы өнер, білім мекемелері ашылып, әсем ғимараттар бой көтерді.Биыл ұлт театрының іргетасы қаланған Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының құрылғанына 70 жыл толады. Кәсіби өнер ұжымы осы жылдары300-ден астам қойылымды сахналаған. Республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындар иеленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940030