11 айдың қорытындылары шықты
24.12.2024 22:29:45 828
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.
Есептік кезеңде облыс экономикасы 18,9%-ға өсті. Негізгі салаларда да оң динамика байқалады: құрылыс жұмыстарының көлемі 26,2%, тұрғын үй құрылысы 5,1%, ауыл шаруашылығы 37,8%, ал инвестиция 5,3%-ға артты.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы салалық басқармаларға, аудандар және Петропавл қаласының әкімдеріне жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын және бюджетті толық игеруді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/908546