Облыс әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық шорт-трекшілерді IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алуымен құттықтады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық шорт-трекшілерді IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алуымен құттықтады

14.02.2025 23:52:38 495

«Барша ақмолалықтардың атынан Никиша Денисті, Хан Янаны, Жақсыбаев Мерсаидті және Тихонова Ольганы (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!
Сіздер шорт-тректен 2000 метрлік аралас эстафетада жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге қол жеткіздіңіздер.
Бұл жетістік бапкерлеріңіздің сенімін ақтап, жанкүйерлеріңізді қуантты, сондай-ақ аймақ спортшыларының жоғары деңгейде дайындалғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алдағы жарыстарда жеңістеріңіз көбейіп, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, табыстарыңыз мол болсын!» – делінген құттықтауда.
Еске сала кетейік, бүгін Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер 2000 метрлік аралас эстафетада ел қоржынына алғашқы жүлдені – күміс медальді сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934217