Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу туралы

Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу туралы

14.02.2025 23:53:23 473

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Қазақстан-Американ еркін университетінің және Өскемен экономика және техника колледжі студенттерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында комиссия мүшелері сайлау заңнамасы саласындағы конституциялық реформалар мәселелері, облыстың сайлау комиссияларының жұмысы туралы баяндамалар жасап, сондай-ақ жастар арасында викториналар өткізілді, ең белсенді студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933307