Талдықорғанда тегін "Python" курсына жазылу басталды

Талдықорғанда тегін "Python" курсына жазылу басталды

14.02.2025 23:53:59 869

Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасы мен«Jetisu Digital» IT-hub қолдауымен "Samsung" компаниясы "Python" бойынша тегін офлайн курсын іске қосады.
Кімдерге арналған? 13-25 жас аралығындағы жастарға.
Қайда? «Jetisu Digital» IT-hub, Талдықорған қ., Қонаев көшесі, 47.
Сабақтар қашан өтеді?
1-топ: сейсенбі және бейсенбі, 15:00 – 17:00.
2-топ: сейсенбі және бейсенбі, 17:00 – 19:00.
Курс ұзақтығы: 4 ай.
Нәтижесі:
Ең танымал және болашағы зор бағдарламалау тілін меңгеру;
Аптасына 2 рет 120 минуттық сабақтар;
Сертификаттар және үздік студенттерге "Samsung"-тан бағалы сыйлықтар.
Қалай жазылуға болады?
Тіркеуден өтіңіз 👉 https://samsung-campus.kz/
Кіріспе емтиханды тапсырыңыз (өту балы — 40) және пәнді таңдаңыз!
Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады.
Қатысып үлгеріңіз!
Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/933771