2025 жылдың 4 ақпан күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді.
14.02.2025 23:54:55 539
Семинар барысында аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту жұмыстары, 2025 жылдың 2 ақпанында өткізілген 3 ауылдық округ әкімінің сайлау қорытындысы (Исатай ауданы Зинеден а/о, Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл а/о), ағымдағы жылдың 30 наурызына тағайындалған бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша (Атырау қаласы №12, №18, Қызылқоға №4, №9, Мақат №11, Махамбет №1 округтері) мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өткізу бағытындағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сайлау күніне арналған-іс-шараларға шолу жасап, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Қыстаубаева сайлау комиссияларында тұрақты негізде жұмыс жасап жүрген әріптестерді Дүниежүзілік сайлау күні – кәсіби мерекемен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/934064