ҚЫСҚЫ АЗИАДА: ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ФРИСТАЙЛ АКРОБАТИКАДАН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
14.02.2025 23:57:35 1045
IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыс өтіп, Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Шымкент қаласының спортшыларынан жасақталған команда сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.
Командаағы Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев жалпы алғанда 235.39 балл жинады.
Команда құрамында осыған дейін де ірі жарыстарда көзге түскен тәжірибелі спортшылар бар. Атап айтсақ, Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері А.Жолдас, шеберлігімен танылған Ш. Хаширбаев және А. Асылхан осы сайыста ел намысын абыроймен қорғады.
Бұл жеңіс – шымкенттік спортшылардың қажырлы еңбегінің, бапкерлер мен федерацияның үйлесімді жұмысының жемісі. Сондай-ақ, бұл Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін маңызды нәтиже.
Айта кетейік, фристайл акробатикасы елімізде кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Спортшыларымыз халықаралық аренада өздерін дәлелдеп, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.
Қытай құрамасы
Қазақстан құрамасы
Жапония құрамасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934899