ШЫМКЕНТ: БАЗАРЛАРЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: БАЗАРЛАРЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

14.02.2025 23:57:38 869

Бүгінде қала аумағында 19 базар бар, оның 7-еуі модернизациялау Жол картасына енгізілген. Былтырғы жылы “Алаш”, “Самал”, “Жаңа шахар” базарларының жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал “Авто Нұр”, “Орталық Қырғы”, “Назым апа”, “Жабық ” базарларында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

“Авто Нұр” базарында 3 ғимараттың құрылысы аяқталды. Босаған орын автотұраққа айналады. Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында бітеді.

“Орталық Қырғы” базарында модернизациялау 3 кезеңнен тұрады. Наурызда трикотаж павильоны, ал желтоқсанда киім сату қатарлары жаңартылады.

“Назым апа” базарының қасбеті жөнделіп, 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларында киім сатылатын қатарлар жаңғыртылады.

“Жабық базары” 2025 жылдың мамыр-қараша айларында толық жаңартылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934894