Теміртауда автобус паркі жаңартылуда
14.02.2025 23:59:15 528
Биыл Теміртау қоғамдық көлік паркі 60 жаңа Yutong автобусымен толығады. Оларды Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы QazTechna сарандық өндірушіден сатып алады.
Қазірдің өзінде ECOBUS QK тасымалдаушысы әлеуметтік маңызы бар қалалық маршруттарға 20 жаңа автобус шығарды. Қазір олардың алтауында электронды жүйе жабдықтары орнатылуда.
Барлық жаңа автобустар пандустармен жабдықталған, бұл қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған салонға кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді.
Автобус паркін жаңарту қала тұрғындарына көліктік қызмет көрсету сапасын жақсартады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935425