ШҚО-да тыл еңбеккерін 100 жас мерейтойымен құттықтады
15.02.2025 00:02:58 572
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов тыл еңбеккері Анна Васильевна Андрееваны 100 жас мерейтойымен құттықтады.
Қала басшысы мерейтой иесіне еліміздің дамуы мен тарихи негізін нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді.
Анна Васильевна 1925 жылдың 10 ақпанында Алтай өлкесінің Чадырка ауылында дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Жаңасібір облысының Поспелиха ауылында өтті. Еңбек жолын 17 жасында бастап, трактор зауытында күзетші болып жұмыс істеген.
Оның ғұмыры еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Жұбайы Екінші дүниежүзілік соғыста майданға аттанып, аман-есен оралған. Алайда 1992 жылы өмірден өтті. 1960 жылдан бастап отбасы Серебрянск қаласында тұрды. Еден жуушы болып жұмыс істеп, үш баланы тәрбиелеп өсірді. 1973 жылдың 15 маусымында «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» атағы берілді.
Анна Васильевна 1998 жылдан бері Өскеменде тұрады. Бүгінде балалары мен немерелеріне тағылымды тәрбие беріп отыр.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936196