Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы: медициналық көмек сапасын жақсартуға бағытталған қадам

Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы: медициналық көмек сапасын жақсартуға бағытталған қадам

15.02.2025 00:04:54 594

Риддердегі медициналық кешен қала тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекен тұрғындарына да қызмет көрсететін көпсалалы емдеу мекемесіне айналады. Айта кетейік, аурухананың негізгі ғимараты мен педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған.
Бүгінгі таңда дайындық деңгейі емхана бойынша 70%-ды, стационар бойынша 30%-ды, ал тамақтану орны мен сыртқы желілер бойынша 90%-ды құрайды.
2024 жылдың соңында құрылысты аяқтау үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді. Аурухана құрылысын аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936428