«Кері перспектива»: Қарағандыда гуманитарлық колледж түлектерінің соңғы жарты ғасырдағы жұмыстары таныстырылады
15.02.2025 00:08:38 473
«Алтын ғасыр» арт-галереясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі түлектерінің соңғы 50 жылда жасаған жұмыстары қойылады. «Кері перспектива» экспозициясында көркемсурет, графика, композиция және т. б. бар.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ол мыңдаған суретшілер мен көркем сурет оқытушыларын дайындап, олардың көпшілігі шығармашылық жолын жалғастырды. Олардың жұмыстары көрмеге қойылады. Экспонаттардың бір бөлігін галереяға авторлардың өздері берген. Түлектердің ескі жұмыстары колледж мұрағаттарынан алынған.
Көрмені ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай экспозициялар аз танылған дарынды суретшілерге назар аударуға, сондай-ақ әлі де қыл қалам мен бояуды қолына алуға батылы жетпей жүргендердің шығармашылық әлеуетін оятуға көмектеседі.
«Кері перспектива» көрмесі Комиссаров көшесі, 35а мекен-жайы бойынша «Алтын ғасыр» галереясында 2025 жылғы 15-22-ақпан аралығында өтеді. Кіру тегін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936414