2025 жылғы қаңтардан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу цифрлық форматта жүргізіледі
16.11.2024 20:05:12 2192
Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды - 364 705 ШРБ, оның ішінде - 190 000 Қытай бланкілері.
Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/884536