БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 үй берілді

БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 үй берілді

16.11.2024 18:08:49 1405

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 тұрғын үй салынды.
Алғашқы тұрғын үйлердің кілттері 1 апта бұрын табысталған болатын.
Енді Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған үйлердің кілттері ауыл тұрғындарына берілді.
«Бүгін жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Президентімізге, үй салған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Енді мұндай жағдай болмасын елімізде. Ауылымыз көркейе берсін»- деді жаңа қоныс иесі Айдарханова Жаңыл.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салынды. Оның 451-і Орал қаласында. Сондай-ақ, Оралдағы Саяжай тұрғындарына демеушілер қаржысына 2 мыңнан астам үй сатып алынды.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/866353