Ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті

Ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті

22.11.2024 13:12:05 1397

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Әбубәкір Смайыловтың «Құс жолында біреу жүр жоқ қараған» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Жинаққа ақынның кейінгі жылдары жазған азаматтық поэзиясы мен лирикалық өлеңдері енген.
Кітаптағы туындылар өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басындағы қоғамның тыныс-тіршілігін суреттейді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887635