Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті
22.11.2024 16:10:57 1045
Астанада 21 қараша күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ ұйымдастырған семинар өтті.
Семинардың негізгі бағыты – әлеуметтік тақырыптарды ұсынудың этикасы мен заманауи тәсілдеріне баса назар аударып, БАҚ өкілдерінің кәсібилігін арттыру.
Волонтерлік бастамаларды жариялаудың жаңа әдістерін зерттеу және «сезімтал ақпаратпен» («sensitive information») жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.
Іс-шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар медиа-волонтерлер де қатысты. Бұл диалогты одан әрі жандандырып, мазмұнды етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888607