Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша семинар өтті

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша семинар өтті

22.11.2024 19:08:32 1353

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының өзекті міндеттері мен алгоритмдерін түсіндіруге арналған онлайн-семинар өткізді.
Семинар аясында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мәселелері қаралды. Этностардың қоғамдық келісімі мен интеграциясын нығайту үшін этносаралық коммуникацияларды дамыту, жастар арасында патриотизм мен жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыру, этносаралық инциденттердің уақтылы алдын алу және этномедиация институтын дамыту жайы талқыланды.
Қатысушылар профилактикалық жұмысты күшейту және мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888923