ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «EDSMART PREMIUM» МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ БЕЙНЕСТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ
27.12.2024 18:24:15 265
ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «EDSMART PREMIUM» МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ БЕЙНЕСТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «EdSmart Premium» мультимедиалық интерактивті бейнестудиясы ашылды.
Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев мультимедиалық интерактивті бейнестудияның мақсатымен және артықшылықтарымен таныстырды.
«Бейнестудия – Coursera және EDx сияқты халықаралық платформалар үшін бейне контентті жасау, заманауи LED тақтасында ZOOM, GoogleMeet, WebEx және басқа құралдар арқылы өтетін онлайн оқытуды тарату, интерактивті презентацияларды жасау және бөлісу, аралас оқыту үшін білім беру мазмұнын әзірлеу, білім беру мәселелерін талқылау мүмкіндігіне ие», - деді ректор.
Бұл студия студенттер үшін оқу материалдарын анимациялар, графика және бейнемазмұн арқылы меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылар тестілеуден өтіп, викториналарға қатысып, тапсырмаларды орындап, білімін шыңдай алады.
Студия мәтіндік материалдар, сыртқы дереккөздерге сілтемелер, виртуалды зертханалар сияқты әртүрлі білім беру ресурстарын біріктіре алады. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін және мультимедиялық контент жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/908961