Облыс әкімі Атырау қаласының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Атырау қаласының тұрғындарымен кездесті

27.12.2024 18:49:11 738

Өңір басшысы Серік Шапкенов Еркінқала мәдениет үйінде Атырау қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Серік Шапкенов облыс орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Атырау қаласының көп бөлігі кәріз жүйесіне қосылмаған. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 31 мың текше метр өрім құрылысы жүріп жатыр. Бұл елді мекендерді қаланың оң жағалауына қосуға мүмкіндік береді.
"Квадрат" булану өрістерін қалпына келтіру жобасына өзгерістер енгізіледі. Құжаттар дайын болғаннан кейін жұмыс қайта басталады.
Сонымен қатар, Атырау қаласында автожол салу мәселесі өткір тұр.
- Қала маңындағы елді мекендер толығымен асфальтталған, тұрғындарға қолайлы жол қатынасы жолға қойылған. Қазір қалада асфальтталмаған 60 шақырым көше бар. Осы мақсатта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, келесі жылы жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қалада кептелістерді болдырмау мақсатында қолданыстағы жолдарды кеңейту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 22,1 шақырым болатын жол төсемін кеңейту жоспарлануда. Атап айтқанда, Азаттық, С. Датов, Т. Бигелдинов, Ю. Гагарин көшелерімен "Атырау-Индер" жолының учаскесі (0-10 км), Әбілқайыр хан даңғылынан Сарықамыс шағын ауданына және Жастар көшесіне дейінгі Жастар-Еркінқала жолының учаскесі. Көктемгі су тасқыны кезінде қаланы судан қорғау үшін барлық күш құрылымдары жұмылдырылды, сондықтан бүгінгі күнге дейін тек 8,7 шақырым ғана қалпына келтірілді. Бұл мәселені келесі жылы толығымен шешуді жоспарлап отырмыз, - деді С.Шапкенов.
Кездесуде облыс әкімі қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді, атап айтқанда, кәріз желісін, әлеуметтік нысандарды салу, жол белгілерін орнату және т.б. мәселелерді тыңдады.
Кейін өңір басшысы жауапты мамандармен бірге азаматтарды жеке қабылдап, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде облыс әкімі Серік Шапкеновтің Атырау қаласының тұрғындарымен кездесуі тікелей эфирде көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/909430