Әділет вице-министрі Даниель Ваисов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
27.12.2024 18:51:10 297
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет вице-министрі Даниель Ваисов брифинг өткізді.
Брифингте Әділет вице-министрі 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің мүддерлерін қорғау және атқарушылық құжаттарды орындау нәтижелері бойынша журналистердің сауалдарына жауап берді.
Даниель Ваисов атқарушылық процессінің автоматтандыру бойынша жұмысы әрі қарай жүзеге асатындығын айтты.
Министрлік азаматтардың құқықтарын қорғау, сот орындаушыларының қызметін бақылау және процестерді автоматтандыру бойынша тиімділікті арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Сондай-ақ вице-министр сот орындаушыларымен бірлескен ұйымдастырушылық (борышкерлердің көліктерін ұстау, жасырын кірістерін анықтау, борышкерлерді жұмысқа орналастыру) іс шараларына тоқталды.
Өткен жылға қарағанда 2024 жылы борышкерлерді жұмысқа орналастыру қарқыны айтарлықтай өскен.
Алдағы жылы Министрлік азаматтардың құқықтарын қорғау, сот орындаушыларының қызметін бақылау және процестерді автоматтандыру бойынша тиімділікті арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/909527