Ақтауға Әзербайжан республикасынан комиссия келді

Ақтауға Әзербайжан республикасынан комиссия келді

27.12.2024 19:35:54 484

25 желтоқсан күні Ақтау маңында орын алған ұшақ апатына байланысты Маңғыстау облысына Әзербайжан республикасынан арнайы құрылған комиссия келді. Делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі бастап келді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмектердің көрсетіліп жатқанын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909363