Маңғыстау тұрғындары Әзірбайжан халқына көңіл айтты

Маңғыстау тұрғындары Әзірбайжан халқына көңіл айтты

27.12.2024 20:23:51 286

Бүгін, 26 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев пен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Әзербайжан Республикасының Ақтаудағы бас консулдығына барып, ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға гүл шоқтарын қойды.
Аймақ басшылары бауырлас халықтың қайғысын бөлісіп, апаттан қаза тапқандардың туыстарын сабырлы болуға шақырды және әзірбайжан халқына амандық тіледі.
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Әзербайжан халқына қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Сондай-ақ, консулдық ғимаратына Ассамблея мүшелері мен түрлі сала өкілдері, жұртшылық өкілдері, жастар мен Ақтау тұрғындары бауырлас Халықпен қайғы-қасіретті бөлісу үшін ағылуда.
Айта кету керек, ел Үкіметі қаза тапқандар мен зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетеді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/910168