Ақмола облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді

Ақмола облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді

25.11.2024 20:05:46 2365

2024 жылдың 28-29 қарашасында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Кочетов Евгений Дмитриевич Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған.
Азаматтарды жеке қабылдау Ақмол ауылында (2024 жылдың 28 қарашасында сағат 10:00, Наурыз көшесі, 34 (аудан әкімдігінің ғимараты) және Щучинск қаласында (2024 жылдың 29 қарашасында сағат 10:00, Абылай хан көшесі, 32) өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-05-08, 8 (771) 592-81-14 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889990