Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы: сауда-экономикалық әріптестіктің жаңа перспективалары
26.11.2024 19:08:21 1664
Ресей Федерациясының Уфа қаласында «Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының әлеуетін іске асыру – жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы өтуде.
Форумның басты назарында екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін іске асыру, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация және Ресей мен Қазақстанның одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктері мәселелері тұр.
Форум аясында «Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев сөз сөйледі. Өнеркәсіп саласындағы табысты кооперация және бірлескен 93 жобаны іске асыру атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстанда өнеркәсіптік жобаларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар белгіленді. Ресей мен Башқұртстанның Бизнес қауымдастығына өзара тиімді серіктестік пен өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, әртүрлі салалардағы ынтымақтастық ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/890780