Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді
27.11.2024 16:06:35 825Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша «CMA Trophee Mondial» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.
Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.
Байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек –республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты.
Жас талантты лайықты жеңісімен құттықтай отырып, мәдениет пен шығармашылық саласында жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891256