ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН “QH” ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
28.11.2024 11:07:48 3001
Қаладағы №2 оңалту орталығынан ашылған мекемеде нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін орталыққа емдік дене шынықтыру және механотерапия залында аяқ-қолдарды дамытуға арналған «Балу жүйесі», «Террастейшн», «Тиго жүйесі», «Бос аппарат RT-300», «Корвит» нейросенсорлық медициналық құрылғылар орнатылды.
“Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды шахта, кәсіптік терапия, физиотерапия және бальнеотерапия кабинеттері бар.
Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығында жыл басынан бері 1843 балаға кешенді оңалту ем-шаралары жүргізілді. Мұнда неврологиялық ақауы бар 18 жасқа дейінгі балалар кардиохирургиялық, ортопедиялық оталардан кейін оңалту процедураларын қабылдайды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891781