Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді
28.11.2024 19:07:27 2124
Бүгін, 28 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Алғы сөзінде вице-министр өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму саласын жетекшілік ететінін атап өтіп, сонымен қатар жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілерді қолдау және Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құрылғаны туралы айтты.
Кездесу Талдықорған қ. «Тіл сарайы» ғимаратында өтті. Қатысушылар отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуы, химия өнеркәсібін лицензиялау, энергия тарифтерін көтеру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т.б. қатысты сұрақтар қойды.
Одан бөлек, «Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО дамыту тақырыбы қозғалды.
Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бизнес өкілдері айтқан мәселелер мен ұсыныстарды шешу үшін күш біріктіру ұсынды.
Жұмыс сапары аясында вице-министр сондай-ақ кәсіпорындардың қызметімен танысу мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС және «ASMA INDUSTRIAL» ЖК кәсіпорындарында болды.
Дмитрий Ерофеев автор фото.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/892591