Қанат Шарлапаев «Orda Glass LTD» кәсіпорнына барды
30.11.2024 16:05:32 2570
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды.
Кәсіпорынның бас директоры Хан Ли Джун мырзамен кездесу барысында Министр қазіргі таңда отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары туралы жеткізді.
Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.
«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз энергия үнемдейтін табақша шыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893672