Бұқар жырау ауданында биыл 56 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс.
13.01.2025 00:15:47 627
Биыл Бұқар Жырау ауданында 56,6 шақырым кентішілік және аудандық жолдарды жөндеу жоспарланған.
"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша Новоузенка, Жаңаталап, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Центральное, Көкпекті және Атамекен ауылдарындағы кентішілік маңызы бар 40 шақырымнан астам жол жұмыстармен қамтылады.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен Ақжар және Ащысу ауылдарына кірме жолдарды орташа жөндеуге трансферттер бөлінді.
Аудандық бюджет қаражатынан Төрткөл ауылына кірме жолдың, Ғ. Мұстафин атындағы кенттегі дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне кірме жолдың 1,5 км орташа жөндеуі жоспарланған, сондай-ақ Нұра станциясындағы мектепке кірме жолдың орташа жөндеуі аяқталуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915143