Алматыда "Birlik"ансамблінің концерті өтеді

Алматыда "Birlik"ансамблінің концерті өтеді

15.01.2025 20:16:58 682

30 Қаңтарда Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Birlik" ансамблінің концерті өтеді.
Гала-концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.
Бұл концерттің мақсаты - көрермендерді би, әндер мен түрлі этностардың музыкалық шығармаларынан тұратын Қазақстанның бай ұлттық өнерімен таныстыру.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және Татарстанның көрнекті хореографтарының түрлі халықтардың мәдениетін, жанды музыкасын және қойылымдарын бейнелейтін орасан зор хореографиялық қойылымдар ұсынылатын болады.
Айта кетейік, "Birlik" шығармашылық ұжымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылдың 1 наурызында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылған болатын.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/918407