«Таза Қазақстан»: Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді

«Таза Қазақстан»: Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді

16.01.2025 03:17:16 2381

Астанада 15 қаңтардан бастап, 15 ақпанға дейін Есіл өзенінің жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында QAR FEST аққалалар байқауы өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қатысу шарттары мынандай:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тақырыбына сәйкес келетін ерекше аққала жасаңыз.
Өз жұмысыңызды суретке түсіріңіз.
Суретті 15 ақпанға дейін Instagram парақшаңызға жариялап, #ТазаҚазақстан және #QarFestSaryarqa хэштегтерін қосыңыз. Сондай-ақ @saryarqa.audany парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз.
Аққалаларды Есіл өзенінің жағалауында, мұз айдынының жанында жасауға болады.
Ең үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
QAR FEST – шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетудің, экологиялық бастамаларды қолдаудың және елордаға ерекше қысқы көңіл күй сыйлаудың тамаша мүмкіндігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918025