Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

17.01.2025 01:20:34 781

Астана, 2025 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/918973