Бірінші ауысымдағы оқушылар Астанада қашықтан жіберілді
23.01.2025 07:15:11 1527Ауа-райының нашарлауына байланысты 23 қаңтарда қала мектептерінің бірінші ауысымының барлық сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқитын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Ауа-райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 23 қаңтарда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922938