Өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау: ҚР Туризм және спорт министрлігі Ақтөбе облысының кандидатын келісті
23.01.2025 20:12:17 792Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі іріктеу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы бекітуге ұсынған кандидатура қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері "республикалық футбол федерациясы және футзал Сурдо" қоғамдық бірлестігінің президенті Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлының кандидатурасын келісті. Отырыс барысында комиссия кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ оның өңірдің спорт саласын дамыту жөніндегі нақты жоспарларын зерделеді. Сонымен қатар, спорт ғылымы мен менеджмент негіздеріне қатысты сұрақтар қойылды.
Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кезде ғана жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923153