Қазақстан Сыртқы істер министрі Аустрия Елшісімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Аустрия Елшісімен кездесті

24.01.2025 07:15:42 1100

Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуына орай Аустрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-аустриялық ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.
Тараптар екі елдің іскер топтарының тиімді өзара іс-қимылын кеңейту және байланыстарын арттыру тұрғысында Қазақстан-Аустрия экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Іскерлік кеңестің маңызды рөлін атап өтті.
Кездесудің соңында Министр М.Нұртілеу Аустрия Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923590