Қазақстан СІМ басшысы Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады

24.01.2025 07:15:45 924

Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Бұған қоса, ағымдағы жылы жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Қытай Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923393