ҰЭМ мен ЕҚДБ ШОБ-ты қолдау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҰЭМ мен ЕҚДБ ШОБ-ты қолдау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

25.01.2025 01:20:18 649

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) ШОБ-ты қаржыландыру және дамыту департаментінің басқарушы директоры Жужанна Харгитай ШОБ кәсіпорындары үшін іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қойды.
Қазақстанда ЕҚДБ-ның қатысуымен ел экономикасы өсімінің әртараптандырылған, тұрақты және инклюзивті моделін дамытуға ықпал еткен бірқатар табысты жобалар іске асырылды.
Құжатта елімізде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, оның ішінде бірқатар іс-шаралар мен өз тиімділігін көрсеткен қолдау құралдары арқылы дамыту мәселелері қамтылған. ЕҚДБ бағдарламаларының негізгі мақсаттарының бірі бәсекеге қабілетті, әртараптандырылған әрі инклюзивті жеке секторды құру, сондай-ақ қосылған құн мен жұмыс орындарын құру болып табылады.
ЕҚДБ өз қызметтері шеңберінде қолданатын жеке тәсіл өндірісті 2-3 есе ұлғайтуға, сыртқы нарықтарға шығуға және отандық нарықты сапалы өнімдермен толтыруда бәсекеге қабілетті компанияларды өсіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/921326