ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ғылым және жоғары білім бағыттардағы салалық баспасөз хатшыларын «UniMediaX25» семинар-тренингіне шақырады
01.02.2025 20:37:33 429
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 30-31 қаңтарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ғылым және жоғары білім бағыттардағы баспасөз хатшылары үшін «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингін өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Іс-шара салалық баспасөз хатшыларын медиа және коммуникация саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдерге оқытуға, тәжірибе алмасуға және олардың ғылым мен білім саласындағы біліктілігін арттыруға, БАҚ арқылы халықты сенімді және уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші медиа жаттықтырушылар, PR, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы мамандар сөз сөйлейді.
Оқыту курсы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Сәтбаев к-сі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Бас корпусы.
Барлық сұрақтар бойынша +7 7172 740186 нөміріне хабарласуға болады.
«UniMediaX25» ғылым және жоғары білім саласындағы баспасөз хатшыларына арналған салалық семинар-тренинг бағдарламасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/925701