Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

16.11.2024 18:12:24 2410

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің қатысуымен ведомствода 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өткізіліп, еліміздің дамуына атсалысқан бірқатар қызметкерге мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

Жиында сөз алған Мәди Төкешұлы бұл күннің мән-маңыздылығына айрықша тоқталды. Министр айтқандай, аталған мереке отандастарымыздың ауызбірлігін арттырып, елдігімізді ұлықтаудағы сипаты бөлек.

Бұдан кейін ведомство басшысы мемлекеттік қаржы жүйесін өркендетуге табжылмай еңбек етіп, үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапат пен министрліктің атынан құттықтау хаттарын табыстады.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, еліміздің дарынды өнерпаздары көпшіліктің алдында патриоттық әндерді шырқады.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/871704