Ақтөбе қаласындағы №14 бағыттың автобустары жаңарады

Ақтөбе қаласындағы №14 бағыттың автобустары жаңарады

01.02.2025 20:45:13 902

30 қаңтардан бастап 41 разъезд бен Теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсететін №14 бағытқа 8 жаңа автобус шығады. Қоғамдық көліктің аралық жиілігі орташа есеппен 15 минутты құрайды.
Бұдан бөлек, 31 қаңтарда №26 бағытқа қатынайтын жаңа 10 автобус жолға шығады. Оның аралық жиілігі - 10 минут.
Жаңа автобустар - ыңғайлы әрі сыйымды. 80 адамға арналған. Кез-келген климаттық жағдайларға төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған.
«Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов қала тұрғындарынан қоғамдық көліктерде тазалық сақтап, жол төлемдерін уақытылы төлеуді сұрайды.
Естеріңізде болса, кәсіпорын қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» арқылы «QazTehna» компаниясымен келісімшартқа отырып, былтырғы жылы 50 «Yutong» маркалы автобус сатып алды. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге.
Жалпы, «Автопарк» қала бойынша 18 бағытқа, сондай-ақ, маусымдық 2 бағытқа қызмет көрсетеді. Ал күн сайын желіге 153 автобус шығады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/927608