Қостанай облысында алимент төлемеуге қарсы күрес: прокуратура шаралары

Қостанай облысында алимент төлемеуге қарсы күрес: прокуратура шаралары

01.02.2025 20:47:24 583

Қостанай облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстана отырып, ата-аналардың алименттерді уақытылы төлеуін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға талдау жүргізді.
Өңірде соңғы үш жылда сотталған қасақана борышкерлердің саны екі есеге артты. 2024 жылы прокуратураның үйлестіруімен 96,3 млн теңге сомаға алимент төлемегені үшін 61 ата – ана сотталды, оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылды.
Мысалы, бір азамат 4 жыл ішінде ұлына алимент төлемей, қарыз сомасы 4,4 млн теңгені құраған. Федоров ауданының прокуроры сотқа дейінгі тергеу бастап, сот үкімімен борышкерге бір жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды.
Қылмыстық жауаптылықтан басқа әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Барлығы 327 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 122-сі әкімшілік айыппұлға, 205-і қамауға алынды.
Борышкерлер сонымен қатар елден тыс жерлерге шығу, лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды алу және пайдалану, өз мүлкіне билік ету құқығымен уақытша шектеледі.
Жұмысқа орналасқысы келетіндерге және алимент төлеуді дұрыс төлегісі келетіндерге жұмыспен қамту органдары арқылы көмек көрсетіледі. 360-тан астам борышкер жұмысқа орналастырылды, бұл балаларды ай сайынғы алимент төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қадағалау актілері бойынша Қостанай облысының прокуратурасы 275 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, 286,4 млн теңгеге берешекті өтеуге қол жеткізді. 85 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның біреуі әрекетсіздіктің жүйелілігі үшін мемлекеттік лицензиясынан айырылды.
Алиментті уақытылы төлеу - бұл ата-ананың міндеті және баланың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
#Зәң_және_Тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/928168