Қосшы қаласында бір күнде 2000 текше метр қар шығарылды
01.02.2025 20:50:47 682
Қосшы қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істейтін бригада күніне 120 рейс жасап, 2000 текше метр қар шығарады.
Бұл жұмыстарға 30 бірлік техника мен 40-тан астам қызметкер жұмылдырылған. Қаланың тазалығын қамтамасыз етуге «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Қыс мезгілі басталғалы шығарылған қар көлемі 72 мың текше метрге жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928949