Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Ақбар Джоукармен кездесті

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Ақбар Джоукармен кездесті

01.02.2025 20:52:03 1136

Кездесу барысында тараптар көлік, логистика және авиация салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, елдер арасындағы көлік дәліздерін кеңейту мен транзиттік маршруттарды жетілдіруге ерекше назар аударды.
Анықтама: 2024 жылғы 19 шілде күні Ақтау қаласында «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының әлеуетін синхронды дамыту бойынша 2024 – 2025 жылдарға арналған төрт жақты Жол картасына қол қойылды.
Жол картасындағы барлық шараларды жүзеге асыру «Солтүстік – Оңтүстік» маршрутының өткізу қабілетін 20 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/929136