ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ.

01.02.2025 20:52:27 539

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы құрметті қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Олардың тілектерін мұқият тыңдап, әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.
«Біз үшін ең маңызды басымдық – өңірді газдандыру және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы бағыттар бойынша жұмысымызды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, біздің барлық бастамаларымыз халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Біз тұрғындардың барлық ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, олармен тығыз жұмыс жасаймыз, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы «Арыс жылу» мемлекеттік кәсіпорнының модульдік қазандығының жұмысымен де танысты. Нысан өткен жылы толықтай жаңартылып, көгілдір отынға көшірілді. Қазандықтардың барлық технологиялық процестері толық автоматтандырылған. Қазіргі таңда «Арыс жылу» кәсіпорны арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме және 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929230