ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 22 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТЕДІ

ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 22 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТЕДІ

21.02.2025 02:39:49 737

Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда: Әл-Фараби ауданы бойынша 15, Тұран ауданы бойынша - 6, Еңбекші ауданында - 1 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі.

Айта кетейік, былтыр қаладағы 15 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады. Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938993