ЖОСПАР 2025: ТҰРАН АУДАНЫНДА 59 КӨШЕ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ
21.02.2025 03:26:31 660
Былтырғы жылы ауданда инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 42 көше асфальттеліп, тағы 49 көшеге шағал тас төселді. Сондай-ақ, 39 көшеде 21,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жоспар бойынша 59 көше (42,8 шқ) жол асфальттеліп, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселеді. Сонымен қатар, 35 көшеде 21,1 шақырым жаңа аяқ жол салу жоспрарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/940751