2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында Атырау облысының қалалық, аудандық аумақтық және бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарлары өткізілді.
21.02.2025 03:52:51 418
2025 жылғы 30 наурызға бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындалуына байланысты Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп 2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарларын ұйымдастырды.
Оқыту семинарларымен 8 қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 56 мүшесі және 87 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының 435 мүшесі қамтылды.
Оқыту семинарларында дәріс жүргізген облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптарын беріп, өз тәжірибелерімен алмасты.
Алдағы наурыз айында осы тақырыпта облыс бойынша 276 учаскелік сайлау комиссияларының 1085 мүшелері үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/941519