СҚО әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді

СҚО әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді

05.12.2024 10:10:28 2136

Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Солтүстік Қазақстан облысы дамуының қорытындыларына тоқталды. Су тасқынынан кейінгі кезеңдегі қиындықтарға қарамастан экономиканың тұрақты өсімі тіркелді. Негізгі жетістіктердің бірі су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге жаңа шағын аудан салу болды.
Биыл диқандар рекордтық өнім жинады. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте инвестжобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Оған қоса, маңызды әлеуметтік нысандар ашылды. Тұрғын үй салу, жолдарды, су құбырларын жаңарту жалғасуда.
Баспасөз мәслихатының негізгі бөлігі сұрақ-жауап" форматында өтті. Журналистер өңірдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Барлық тақырыптарға өңір басшысы нақты жауаптар берді, бұл қазіргі жағдайды және алдағы жоспарларды нақтылауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/896480